Жаңалықтар
17.10.2022

ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ФАРМАЦЕВТИКА МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар шеңберінде «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі брендтер еліне кіруі үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Осылайша, шетелдік инвесторларды отандық нарыққа тарту үшін Бірыңғай дистрибьютор мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады, оның ішінде импортты алмастыру жобаларын қаржыландыру және отандық тауар өндірушілердің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру саласындағы экспорттық әлеуетін арттыруға жәрдемдесу.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет өзінің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу болып табылады. Осылайша, Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтардағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Айта кету керек, Қазақстанның геостратегиялық жағдайы, транзиттік және логистикалық әлеуеті, бай ресурстық базасы, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдері, сондай-ақ негізгі әлемдік нарықтарға қолжетімділігі сияқты инвестициялық артықшылықтары бар.

Ел Президенті отандық өндірушілермен оффтейк келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылы қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу қажет. Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру тапсырылды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған отандық кәсіпорындарды қолдау үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады. Сондықтан, Меморандум шеңберінде медициналық ұйымдарды қайта жарақтандыру, сондай-ақ дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен медициналық техника өндірісі саласындағы импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған өндірістер жобаларын қаржыландыру сияқты міндеттер қойылды.

Бірыңғай дистрибьютор мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының индустриялық-инновациялық стратегиялық бағдарламаларын іске асыруға және де медициналық фармацевтикалық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосуға келісті.

Өз кезегінде, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық кәсіпорындарды қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Жоғары технологиялық медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық өнімдерді оқшаулау және импортты алмастыру бойынша стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру басымдық болып табылады. Бұл салалар инвестициялар үшін, оның ішінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу шеңберінде ашық. Мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

Меморандум шеңберінде ҚР аумағында өндірісті оқшаулау бойынша BigPharm өкілдерімен ынтымақтастық пысықталатын болады. Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығын материалдарын өндіру белсенді дамитын болады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жарақтандыру бойынша қаржы құралын жасау және жарақтандырудың 5 жылдық бағдарламасы шеңберінде қатысу мәселесін қарауға дайын.

«Қол қойылған Меморандум шеңберінде нақты жобаларды әзірлеу жоспарлануда. Бұл бірлескен қадам халықты сапалы дәрілік заттармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық әсері жоғары жобаларды іске асыруда жұмысты жақсартуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.

Алдағы ынтымақтастықтың құндылығын атап өтіп, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Бірыңғай дистрибьютордың елдің медициналық фармацевтикалық саласын стратегиялық дамытуға жәрдемдесуге ұмтылысын құптайды және бірлескен күш-жігер медициналық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдесетініне сенім білдірді. Дамудың осы басымдықтарының барлығы экономика салаларын индустриялық-инновациялық дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламаларды іске асыру үшін ерекше маңызды.

Анықтама:

«СҚ-Фармация» ЖШС тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор болып табылады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ«Қазақстанның Даму Банкі»АҚ еншілес ұйымы болып табылады және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді,
2005 жылғы 6 қыркүйекте
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында құрылған.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще