Жаңалықтар
22.02.2022

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, 21 ақпанда, Нұр-сұлтан қаласында Халықпен жұмыс кездесулері аясында Бірыңғай дистрибьютор ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.

Кездесуге депутаттар – Лариса Павловец, Жәмила Нұрманбетова және Шыңғысхан Қожахметов қатысты.

Кездесу барысында мәжіліс депутаттары Қазақстанда қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы хабардар етілді. Бірыңғай дистрибуция жүйесі дәрі-дәрмектер тапшылығын алдын алуға, оларды өңірлерде туындайтын қажеттіліктерге сәйкес жоспарлауға және таратуға, сондай-ақ пациенттердің көпшілігін қамти отырып, бағаларды теңестіруге мүмкіндік береді.

Кездесуде Бірыңғай дистрибьютордың медициналық ұйымдармен Тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, медициналық ұйымдар деңгейінде ДЗ мен МБ-ды дербестендірілген есепке алуды енгізу қажеттілігі, сондай-ақ Еститін Мемлекет контексінде пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бизнес-процестерінің реинжинирингі мәселелерін қозғады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің уақтылығы мен үздіксіздігі бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелерінің маңызды проблемасы болып табылады және ол COVID-19 пандемиясының тәжірибесі бойынша белгілі бір дәрілік заттарға сұраныстың елеулі ұлғаюына әкелетін ерекше жағдайлар контексінде ерекше алаңдаушылық туғызады. Мұнда медициналық ұйымдар деңгейінде ДЗ мен МБ-ды дұрыс жоспарлау мәселесі маңызды рөл атқарады.

Бірыңғай дистрибьютордың қызметін Қайта жүктеу бағдарламасы шеңберінде пациентке бағдарланған жоспарлаудың жаңа моделін енгізуге бастамашылық жасалды.  Бүгінгі күні СҚ-Фармация қызметкерлерінің тікелей қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ДЗ мен МБ қажеттілігін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесінің әзірленген жобасы бойынша пилотты жүргізілуде.

Бұдан басқа, елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістерді алдын алу мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен әлеуметтік маңызды сырқаттар бойынша сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жалпы санының 25%-ға дейінгі көлемде азайтылмайтын қоры қалыптастырылды.  Бұл өз кезегінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге, қате жоспарлау тәуекелдерінің митигациясына, Төтенше жағдайлар туындаған кезде дәрімен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жедел шара қолдануға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар туындаған мәселелерді жедел шешу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аталған проблемаларға түсіністікпен қарап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың бастамаларын қолдап, дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізудің маңыздылығына назар аударды, сондай-ақ, алдағы уақытта да белсенді өзара іс-қимыл жасасуға дайындығын білдірді. 

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще