ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасында денсаулықты нығайту және әлеуметтік маңызды сырқаттарды емдеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері А.Есмағамбетова мен Ж.Бүркітбаев, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б.Байсеркин, ҚР ДСМ Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Ғ.Мұханова, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Б.Жүсіпов, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Е.Искалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Стратегия басқармасының бастығы А.Сыздықова қатысты.
Ал «Ново Нордиск» компаниясы тарапынан ТМД дамушы елдері аймағының вице-президенті, «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС-і Бас директоры Али Бенги және компания қызметкерлері Тимур Биабулин мен Айжан Әбілдаева болды.
Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансферті, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында ілгерілету бүгінде қазақстандық фармацевтика индустриясы үшін маңызды мәнге ие. Мемлекет басшысы өз Жолдауында инвестициялар тарту, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету мақсатында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Үкіметі фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдап, іске асырып жатыр, 2021-2025 жылдарға арналған «ДЕНІ САУ ҰЛТ» ұлттық жобасын әзірледі, онда бағыттардың бірі – фармацевтика ғылымын дамыту және әлемдік ойыншылардың қатысуымен жаңа өндірістер құру болып табылады.
Өз кезегінде, «СҚ-Фармация» ЖШС-і BIGPHARMA ірі дәрілік брендтерінің қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейінгі елге кіруі үшін алаң құрудың бастамашысы болды, бұл өз кезегінде отандық өндірісті дамыту үшін қуатты ынталандыру болады және ел экономикасын табысты жаңғырту үшін қажетті медициналық салаға инвестициялар мен озық технологияларды тартуға ықпал етеді.
Меморандумға қол қою алдында «СҚ-Фармация» ЖШС-і мен «Ново Нордиск» компаниясы арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы әлеуетін іске асыру туралы бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткен болатын.
Келісім қант диабетін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар инфекциялық емес сырқаттарды емдеу мен алдын алуды жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтика саласын одан әрі дамыту мәселелерінде белсенді ынтымақтастықты көздейді.
Меморандумның негізгі бағыттары:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық аясында «Ново-Нордиск» компаниясы қант диабеті мен семіздікті анықтау мен бақылауды жақсарту жөніндегі бағдарламаларды қолдауды, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жақсарту мәселелерінде жәрдем көрсетуді жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, жергілікті өндірістік алаңдардың қуатын пайдалана отырып, адам инсулиндерін өндіру үшін белсенді фармацевтикалық субстанция беру арқылы Қазақстан Республикасында отандық өндірісті қолдау жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Ново Нордиск» компаниясы қант диабетін емдеуде клиникалық зерттеулер жүргізуде өзара іс-қимылды, семіздікті емдеу орталығын және қазақстандық мамандарды аккредиттелген оқыту бағдарламалары бойынша қант диабетін емдеудің заманауи әдістеріне оқыту бағдарламасын құруды қарастыруда.
ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Гиният өз сөзінде қант диабетіне шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің жетекші әлемдік өндірушісі ретінде Ново-Нордиск компаниясымен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретінін атап өтті.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасы үшін диабеттің ауыртпалығы» зерттеуіне сәйкес, осы сырқатқа шалдыққан науқастардың саны 383 мыңды құрайды және бүгінде тұрақты өсуде.
«Бүгін қол қойылған Меморандум «Ново Нордиск» компаниясының жиған-терген жаһандық сараптамасын республикадағы медициналық көмекті жетілдіру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Меморандумның маңызды міндеттерінің бірі – қазақстандықтардың инновациялық препараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. «Ново Нордиск» қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың адам инсулині дәрі-дәрмектерін өндіруді одан әрі жолға қоюы үшін белсенді фармацевтикалық субстанцияны қазақстандық нарыққа жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Меморандумда Денсаулық сақтау мамандарының құзыреттерін жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Мұндай синергия Қазақстан Республикасындағы клиникалық тәжірибеге әлеуметтік маңызы бар сырқаттардың қазіргі заманғы диагностикасы мен терапиясына жаңа тәсілдерді енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.
«Ново Нордиск» компаниясы туралы
Бұл 1923 жылы құрылған Халықаралық фармацевтикалық компания. Компанияның Штаб-пәтері Данияның Копенгаген қаласында орналасқан. Компания 100 жыл бойы қант диабетін, семіздікті, гемофилияны және басқа сырқаттарды емдеуге арналған дәрі-дәрімектерді әзірлеу және өндіру саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Қазақстан Республикасында компания 1993 жылдан бері жұмыс істейді.
1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін компания ең заманауи препараттардың қолжетімділігін арттырып келеді, сондай-ақ ауқымды клиникалық зерттеулер жүргізеді, сырқаттардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жаңа тиімді стратегияларды әзірлейді және енгізеді.
Тоғыз елде (Алжир, Бразилия, Қытай, Дания, Франция, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ) 16 өндірістік алаң және бес елде (Қытай, Дания, Үндістан, Ұлыбритания және АҚШ) 10 орталық пен әзірлемелер бар.