Жаңалықтар
06.04.2022

ҚР ДСМ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ХАЛЫҚТЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫЛАНДЫ

2022 жылдың 5 сәуірінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР ДСМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Отырыс бір минуттық үнсіздікпен басталып, қатысушылар марқұм дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумковты еске алды.

Қоғамдық кеңестің мүшелері отырыста Бірыңғай дистрибьютордың 2021 жылға арналған қызметі туралы есебін тыңдады, сондай-ақ республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 18 бабы 4 тармағына сәйкес, квазимемлекеттік секторының субъектілері жұмыстарының нәтижелері туралы есеп тыңдау – қоғамдық бақылау процедурасы болып табылады және Қоғамдық кеңес отырысында квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметі нәтижелерін қоғамдық талқылауды білдіреді.

Дәрі-дәрмекпен уақытылы әрі үздіксіз қамтамыз ету – бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды проблемасы болып табылады және бұл COVID-19 пандемиясының тәжірибесі бойынша, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты белгілі бір дәрі-дәрмектерге сұраныстың едәуір артуына әкелетін ерекше жағдайлар тұрғысынан ерекше алаңдаушылық тудырады.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Е.Искалиев есеп беру барысында Қоғамдық кеңестің мүшелерін Бірыңғай дистрибьютор қыметін жетілдіру бойынша қолға алынған шаралар туралы да айтып кетті. Атап айтқанда, ол компания қызметкерлерінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, логистика және ІТ-технологиялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен жасаған «СҚ-Фармация» Қайта жүктеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар.

«СҚ-Фармация» ЖШС алдында тұрған міндеттердің бірі – отандық өндірісті қолдау және фармацевтика өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады. Отандық фармөндірушілерін қолдау аясында Ұзақ мерзімді шарттар арқылы сатып алу көлемі ұлғайтылуда және қолда бар ұзаұ мерзімді шарттарды есепке ала отырып, болжам бойынша Бірыңғай дистрибьютордың сатып алудағы ОТӨ үлесі 2025 жылға қарай 50%-ды құрамақ.

БигФарм50 ірі қатысушыларын тарту, отандық R&D орталықтарын дамыту, сондай-ақ бос экономикалық және индустриялық аумақтарда жаңа өндіріс ашу фармацевтика кластерлерін дамыту үшін үлкен серпіліс болады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, дәрілерді жоспарлау және есепке алу жүйесін цифрландыру мәселесі де сөз болды.

Ауқымды шаралар қабылданған тағы бір бағыт - Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша ашықтықты қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамның пікірін білдіру алаңы болып табылатын «СҚ-Фармация» Қоғамдық жұмыс тобы құрылды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «СК-Фармация» ЖШС базасында медициналық техниканы сатып алуды екі кезеңде орталықтандыруды жүзеге асыру жоспарлануда.

Демек, бұл медициналық техниканы сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықпен жарақтану деңгейін арттыруға, сатып алуды шоғырландыру және техникалық тапсырмаларды біріздендіру есебінен оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету мен кадрларды оқыту сапасы артып, медициналық техника нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі ұлғаяды.

Кездесу барысында пациенттерді сапалы емдеу және медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-алдын алу жабдықтарымен жабдықтауға қолайлы жағдай жасау мақсатында Бірыңғай дистрибьютор медициналық техникамен жабдықтау, жарақтандыруды жоспарлау, медициналық техниканы пайдалану тиімділігі, оқшаулау, мамандарды даярлау, сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдіру мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтап жатқаны атап өтілді.

Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтаудың қолжетімділігі – мемлекетіміздің негізгі басымдықтары болып табылады. СҚ-Фармация Басқарма Төрағасы Е.Искалиев атап өткендей, заманауи, бәсекеге қабілетті, қолжетімді және тиімді Денсаулық сақтау жүйесін құру үшін атқарушы органдардың барлық өкілдерін, сондай-ақ азаматтық қоғамдастықты белсенді тарту қажет.

Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясында үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген азаматтар тарапынан тәуелсіз пайымдауларды қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Басымдық – халықтың, қоғамдық ұйымдардың және пациенттердің барлық сұраныстарына жедел жауап беретін денсаулық сақтау жүйесі. Бұл Бірыңғай дистрибьютордың даму стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі болды. Міндет – нарықтың өзгеріп жатқан талаптарына икемдену және пациентке бағдарланған болу.

Бірыңғай дистрибьютор тікелей диалог пен өзара іс-қимылға ашық және әрбір құнды ұсыныс практикалық іске асатындай және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартудың пайдалы құралы болатындай тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогқа дайын.

Анықтамалық:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес 2020 жылғы 28 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы қалыптастырылып, бекітілді. Жаңа Қоғамдық кеңестің құрамына 16 мүше кіреді, олар-қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, "Атамекен" ҰКП өкілдері және басқалар. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс істеген кезеңде "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексін іске асыру шеңберінде денсаулық сақтауды реформалау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды және өткізілді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"