Жаңалықтар
14.06.2022

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДБҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША LÖWENSTEIN MEDICAL-МЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14 маусымда Бірыңғай дистрибьютор реанимация бөлімшелеріне арналған медициналық жабдықтардың (наркоз аппараттары мен ӨЖЖ), сондай-ақ неонаталдық жабдықтар мен ұйқы терапиясының жетекші өндірушілерінің бірі болып табылатын Löwenstein Medical неміс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Löwenstein компаниясынан кездесуде – компанияның сату жөніндегі өңірлік директоры – Thomas Stuht, «Левенштайн Медикал Рус» ЖШҚ-ның ТМД бойынша өңірлік менеджері – Надежда Бородина болды. Сондай-ақ, кездесуге Löwenstein компаниясының Орталық Азия елдеріндегі эксклюзивті дистрибьюторлары, Novomed International BV бас менеджері – Ирина Голобокова және «Новомед КЗ» ЖШС-нің коммерциялық директоры – Альфия Құлатаева қатысты.

Löwenstein Medical компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті оқшаулау мәселелерін талқылауға қызығушылық танытып, компанияның тарихы, өндірілетін өнім тізбегі, медициналық ұйымдардың техникалық және дәрігерлік мамандарын дайындау тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесуде Қазақстанда медициналық техниканы оқшаулау және келісімшарттық өндіруге, ұзақ мерзімді шарттардың, оффтейк-келісімшарттардың, «өмірлік цикл» келісімшарттарының тетіктерін пайдалану мүмкіндігіне қатысты мәселелер ерекше қозғалды.

Талқылау барысында өндірісті дамушы нарықтарда оқшаулау жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде еуропалық өндірушілер тап болуы мүмкін сын-қатерлер айтылды, оларға Қазақстан нарығы да жатады.

Атап айтқанда, Löwenstein Medical компаниясы Еуропалық Одақ елдерінде медициналық тауарларды бағалау кезінде жаңа ережелер мен міндеттер қабылданған Медициналық техника туралы регламент шеңберінде барлық еуропалық медициналық жабдық өндірушілеріне қойылатын талаптарды атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанда жергілікті қамту үлесінің шекті мәндері, өнімді сертификаттау, өндірістік алаңдардың болуы, сондай-ақ іске асырудың жоспарланған мерзімдері сияқты локализацияланатын өнімге қойылатын талаптарды зерделеу қажеттігі мәселесіне көп көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажет екендігін атап өтті. 

Анықтамалық:

Löwenstein Medical Innovation – пациенттің мүдделерін өз қызметінің басымдықтарының орталығына қоятын медициналық техника саласында жұмыс істейтін неміс компаниясы. Ол 1950 жылдары құрылған. Осы күнге дейін компания медицина әлеміндегі көрмелерге және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады.

Löwenstein Medical қызметінің негізгі саласы – наркозды-тыныс алу аппараттарын, өкпені жасанды желдету аппараттарын әзірлеу және өндіру. Компания шығарған медициналық техника реанимация бөлімдерінде, аралық күтімде, жедел жәрдем бөлмелерінде, анестезияда, қарапайым палаталарда немесе үйде қолданылады.

Компанияның аппараттары бүкіл әлемде қолданылады. Олар әсіресе Еуропа мен Азияда танымал. Löwenstein Medical компаниясының бүкіл Германия бойынша 1500-ден астам қызметкері және 150 филиалы бар.

Медициналық құрылғылар туралы регламент (Medical Device Regulation – MDR), 2017 жылғы сәуірде Еуропалық Одақ елдері қабылдаған өнімдердің белгілі бір санаттарын бағалау кезінде медициналық құрылғылар үшін Еуропалық құқықтық базаны өзгертетін және EMA (European Medicines Agency) мен ұлттық құзыретті органдар үшін жаңа және қосалқы міндеттерді енгізетін құжат.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще