Жаңалықтар
18.03.2022

ҚАЗАҚСТАНДА ДИАГНОСТИКА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгін, 2022 жылғы 17 наурызда Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында in vitro диагностика оқу орталығын құруды талқылау жөніндекездесу өтті.

Кездесуге "СҚ-Фармация" Бірыңғай дистрибьюторы, Назарбаев Университеті, Roche компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Назарбаев Университеті базасында орталықты орналастыруға арналған ғимаратты қарап шықты, сондай-ақ жұмыс тобының құрамын, жұмыс нәтижелері мен мерзімдерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Науқастарды сапалы емдеу үшін тек дәрі-дәрмектер ғана қажет емес, сондай-ақ медициналық техниканы да назардан тыс қалдырмау керек. Ел Президенті отандық өндірушілермен жасалған оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылдың өзінде қолда бар 17%-дан 50%-ға дейін жеткізу қажет.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы мәселені шешу үшін жүйелі шараларды қолға алуда: фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді, 2021-2025 жылдарға арналған “ДЕНІ САУ ҰЛТ" ұлттық жобасы әзірленді.

Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі медициналық мекемелерді қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу-алдын алу жабдықтарымен жабдықтандыруға қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор ірі брендтер еліне кіру алаңымен қамтамасыз ету бастамасын алға тартты.

Қазіргі уақытта Кореяның, Жапонияның, Еуропаның ірі әлемдік өндірушілерімен және медициналық техниканың отандық өндірушілерімен мәселелер егжей-тегжейлі пысықталуда. Бірыңғай дистрибьютор алаңында әлемдік брендтермен өзара іс-қимыл перспективалары мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, әлемдік медициналық индустриямен жемісті өзара іс-қимыл жасасу және Қазақстан аумағында танылған брендтермен ынтымақтастықтың тиімді жолдарын іздеу мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау министрлігі мен Kazakh Invest қолдауымен Үндістанмен, Жапониямен, Корея Республикасымен, Италиямен, Пәкістанмен, Астана дипломатиялық клубымен, ҚР фармөндірушілерінің халықаралық қауымдастықтарымен, ресейлік фармацевтикалық компаниялар қауымдастығымен бірқатар дөңгелек үстелдер мен вебинарлар өткізді.

Ірі брендтермен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде инвестициялық және гранттық жобалар іске асырылатын болады. Әлемдік брендтер зерттеу жобаларын жүргізу үшін және гранттар ретінде әдіснамалық қолдау, сондай-ақ қажетті зертханалық жабдықтармен материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы диагностиканың жаңа әдістерін енгізу бойынша жәрдем көрсетуге дайын. Бұл өз кезегінде Қазақстанның зертханалық инфрақұрылымын нығайтуға және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстан-Швейцария бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың қағидаттары мен ниетін белгілеуге бағытталған Roche-мен стратегиялық әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Roche – зертханалық инфрақұрылымды жақсарту үшін қажетті сараптамаға, ресурстарға және тәжірибеге ие және тірі организмнен тыс диагностика саласындағы жаһандық көшбасшы (in-vitro).  Келісімге қол қою алдында бірыңғай дистрибьютор мен Roche компаниясы арасындағы Қазақстанның өндірістік алаң ретіндегі әлеуетін іске асыру, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы бірқатар кездесулер мен келіссөздер өтті.

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің құрылған оқу орталығының алаңында Roche-денбасқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мамандардың біліктілігін кешенді арттыру және оқыту үшін басқа да әлемдік вэндорлармен оқу-инновациялық бағдарламаларды іске қосу жоспарлануда.

Ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар барлық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықпен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50%-ға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар covid-19 пандемиясы жүйені реформалау және жетілдіру жолдарын іздестіру процесінде қосымша ынталандыру және саланы дамытудың маңызды факторы кластерлік бастаманы дамыту болып табылатынын атап өтті. Бұл бағыттағы негізгі басымдық отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі ғылыми зертханаларды, медициналық жоғары оқу орындарын, отандық өндірістік алаңдарды тарту, инвестициялық жобаларды қолдау институттарын, жергілікті атқарушы органдарды тарту, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда медициналық кластерлерді өрістету болып табылады.

Ғылым, білім беру және жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндіріс арасындағы тығыз өзара байланысты қалыптастыру және сақтау отандық ғылымның дамуына серпін беріп, Қазақстанның ғылыми мұрасын нығайтады. Жаңа сын-қатерлер нақты және іргелі өзгерістердің мүмкіндігі ретінде қарастырылуы тиіс.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"