Жаңалықтар
14.03.2022

ҚАЗАҚСТАН УКРАИНА ҮШІН ГУМАНИТАРЛЫҚ ДӘРІЛІК КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Бүгін, 2022 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әуежайынан Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады.

ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді.

Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тоннаны құрайды, оған 17 дәрі-дәрмек кіреді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.

Дереккөз: Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще