2022 жылғы 4 тамызда Қарағанды қаласына жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевпен кездесулер өтті. Тараптар денсаулық сақтау саласының бірқатар мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы Облыстық клиникалық ауруханасының басшылығымен кездесу өтіп, онда медициналық техника паркін басқарудың медициналық ақпараттық жүйесі және дәрілік заттарды есепке алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (МЖӘ) іске асыру тәжірибесі туралы мәселе қозғалды. Айта кету керек, Қарағанды қаласында бүгінгі таңда КТ/МРТ кабинеті, сәулелік диагностика орталығы сияқты 12 МЖӘ объектісі жұмыс істейді. Аталған модель Атамекеннің «Емханалар, дәрігерлік амбулаториялар базасында КТ және МРТ кабинеттерін ашу» тиражды жобасы бойынша негізге алынған болатын.
Бүгінде МЖӘ өзін бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының табысты құралы ретінде көрсете білді. Біздің елімізде МЖӘ тетігінің сапалы өсуі мен дамуы үшін үлкен жұмыс жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге инвестициялар тартудың маңызды бағыты – Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қайта жүктеу болуы тиіс екенін айтып, міндеттер, кепілдіктер, тәуекелдер мен кірістер бастамашылар мен мемлекет арасында теңгерімді бөлінуі тиіс екенін атап өтті.
МЖӘ – дәстүрлі түрде тиісті шарттарда айқындалатын тәуекелдерді, пайдалар мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарымен мемлекеттің жауапкершілігі саласына жататын салалардағы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығы болып табылады.
Осылайша, қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыра және күшейте отырып, МЖӘ инвестицияларды тартады, бюджетке жүктемені төмендетеді және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл модельдерін кеңейтеді.
Бұдан басқа, медициналық техниканы сатып алу үшін қаржыландыру мәселесі, сондай-ақ таяудағы 5 жылға арналған медициналық техникамен жабдықтаудың өңірлік бағдарламасын дайындау мәселесі талқыланды.