Жаңалықтар
14.05.2021

САПАНЫ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ «САРЫ КАРТОЧКА»

 

Тегін дәрілік заттардың Бірыңғай дистрибьюторы «СҚ-Фармация» «сары карточкалар» сияқты кері байланыс құралдарын пайдалана отырып, өнім берушілерге қойылатын талаптарды арттыру жолымен қазақстандық медициналық мекемелер қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіреді.

            «Сары карточкалар» тәжірибесі ең алдымен қауіпсіздік пен сапаны бақылауға арналған. Осы әдістің басты қағидаты тиісті реттегіш органдарды ерікті немесе заңнамалық тұрғыда келісілген түрде хабардар ету болып табылады.

            Препаратты қабылдау режимі дұрыс сақталғанда жағымсыз реакция анықталған пациенттер немесе ауруды емдеу кезінде оның тиімсіздігі байқалған кезде ДЗСҰО www.ndda.kzсайтында сары карта-хабарламаны толтыру үшін емдеуші дәрігерге жүгіну керек. Ұлттық орталықтың атына келіп түскен барлық карталар мұқият талдауға жатады. Елеулі жағымсыз реакция тудырған барлық факторларға тексеру жүргізіледі, дәрілік заттардың үлгілері алынады және ДЗСҰО мамандандырылған орталықтарында зертханалық сынақтар жүргізіледі. Сараптама қорытындысы бойынша реттеуші орган ДЗ сериясын немесе дәрілік заттың тіркеу куәлігін толығымен тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Мониторинг барлық өңірлерді қамтиды және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

            Әдістің тиімділігі барлық қолданылатын дәрілік заттарға мониторинг жүргізу мүмкіндігінің пайда болуында. «Сары карточка» құралы әлемнің барлық елдеріндегі фармакологиялық қадағалау қызметтерінің жұмысындағы негізгі құрал болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде клиникалық сынақтар кезінде анықталмайтын сирек кездесетін жанама әсерлерді анықтау үрдісі байқалады.

 

 

            

            2020 жылы дәрілік заттарды қолданудың жанама әсері немесе пайдалы әсерінің болмауы туралы хабарламалар 147 пациенттен келіп түсті. Байланыс орталығының операторлары пациенттерге «сары карточканы» ресімдеуді сараптама жасау ұйымына порталға рұқсаты бар дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарларының мониторингі үшін жауапты тұлғамен бірлесіп, медициналық ұйымда жүргізу қажеттігін хабарлайды. Толтырылған хабарлама-картаны «ДЗСҰО» Фармакологиялық орталығының мониторинг бөліміне жіберу қажет.

            Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалау, пациенттермен тікелей жұмыс істеу үшін Бірыңғай дистрибьюторда 1439 қысқа нөмірлі байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол халықтан дәрі-дәрмектерді жеткізудегі іркілістер туралы барлық деректерді жинақтайды. Халықтан алынған мәліметтер негізінде, БФАЖ (бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе) есептік деректерінің, медициналық ұйымдардың алдын ала және түпкілікті өтінімдері бойынша деректердің негізінде талдау жүргізіледі, ол іркілістердің қай кезеңде және қандай себеппен орын алатыны туралы нақты көрініс береді, жіктеуіш бойынша жүгіну себебін белгілейміз, бұл бізге өтініштерді себеп факторлары бойынша топтастыруға және пациенттердің өтініштерінің бірінші себептеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

           

          

                  Бұдан басқа, операторлар облыстардың кураторларымен және Бірыңғай дистрибьютордың аймақтық өкілдерімен бірлесіп, пациенттердің препараттарды нақты алу мониторингімен қолда бар дәрілік заттарды толық алмау фактілері бойынша әрбір шағымды пысықтайды. Яғни, аймақтық өкілдер байланыс орталығын мәселенің шешімі туралы хабардар еткеннен кейін және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде дәрі-дәрмектерді босату көрсетілгеннен кейін, байланыс орталығының операторлары дәрі-дәрмектерді алуды бақылау үшін пациентпен қайтадан байланысады.

                 Айта кетейік, дәрілік препараттарға өтінімдерді қалыптастыру процесі пациенттер үшін ашық болып табылады. Бірыңғай дистрибьютордың веб-сайтында интерактивті анықтамалық бар, онда пациенттер онлайн режимде медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімі бойынша барлық ақпаратты: медициналық ұйымның қажетті препаратқа өтінім орналастырғанын-орналастырмағанын, қандай мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай-ақ оның ағымдағы сәтте болуын және келесі жеткізудің жоспарланған мерзімдерін бақылай алады.

 

 

 

 

 

                     «Сары карточкалар» тәжірибесі ең алдымен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, дәл осындай кері байланыс құралдары пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Бірыңғай дистрибьюторы барлық күш-жігерін сала отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін жағдай жасайды. Үздіксіз жұмыс және икемді әрекет ету үшін жағдай жасау мақсатына арналған.

 

Анықтама:

«Сары карта»-бұл дәрілік заттың жанама әсері туралы, дәрілік затты медициналық қолдану кезінде анықталған жанама әсерлер жағдайлары туралы және дәрілік затты қабылдаудың себеп-салдарлық байланысының дәрежесін және оның жанама әсерін бағдарлап анықтауға мүмкіндік беретін мәселелер тізбесін қамтитын хабарлама.

Тосын хабарлама (сары карта әдісі) - бұл препараттың жанама реакциясына күдік туралы аймақтық немесе ұлттық ескерту жүйесі және фармакологиялық қадағалаудың бастапқы әдісі (ДДСҰ).

ДЗСҰО – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылады.

«СҚ-Фармация» ЖШС-нің байланыс орталығы – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 тегін қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще