Орфандық препараттарды сатып алу аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС-і және «Қазақстан халқына» Қоры арасында 2022 жылғы наурызда өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес, «Қазақстан халқына» қоры Қордың ішкі рәсімдеріне сәйкес мақұлданған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру шеңберінде өміріне қауіп төндіретін дерті бар науқастарды дәрі-дәрмектермен, оның ішінде орфандық дәрілік заттармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда тікелей Жеткізушінің өзіне төлейді.
«Қазақстан халқына» қорының тікелей төлем тәсілі – келісім-шарттың маңызды шарты болып табылады.
Қор СҚ-Фармацияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген сауда атаулары көрсетілген дәрілік заттардың тізімі мен көлемін жібереді.
СҚ-Фармация, өз кезегінде, дәрілік заттар жеткізушілерін іздестіруге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы негізінде «СҚ-Фармация» өз қоймаларында дәрілік заттарды сақтауды және өңірлерге тасымалдауды жүзеге асырады.
Меморандум шеңберінде, 31 мамырда халықаралық патенттелмеген атауы – «Голодирсен», саудалық атауы «Виондис 53» дәрі-дәрмегін Жеткізу шартына қол қойылды. Бүгінгі күні, шарт бойынша жеткізу рәсімі басталды, ол Қор Жеткізушіге толық төлем жасағаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасына дәрі-дәрмекті жеткізу шамамен 10 маусымға дейін жоспарланған.
https://www.facebook.com/groups/187306151915658/permalink/1023181764994755/
Анықтамалық:
"Қазақстан халқына «Қоғамдық Қоры» – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешу үшін құрылды.
Қор жағдайлардың жеделдігі мен оларға тап болған азаматтардың осалдығына байланысты барынша көп көңіл бөлуді талап ететін қазақстандық қоғамның аса өткір проблемаларын шешу мақсатында құрылды. Олар:
- Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасында қайырымдылықты жүйелі дамыту;
- Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін тәрбиелеу;
- Қазақстан халқының жүйелі проблемаларын мемлекет және қор қаражатымен шешу үшін мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.