Жаңалықтар
01.02.2021

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ВАКЦИНАНЫ БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 1 ақпанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялау басталды.

31 Қаңтарда ресейлік «Спутник V» вакцинасының бірінші партиясы Нұр-сұлтан қаласына әуе көлігімен жеткізілді. Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» алған жүк Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан «СК-Фармация» хабтарына бөлінді. Бұдан әрі әуе және авто көліктерде мультимодальдық тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, вакцина бір тәулік ішінде хабтарға, хабтардан елдің барлық өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілді.

Бұрын хабарланғандай, ресейлік «Спутник V» вакцинасын сақтаудың температуралық режимі -20°C (минус жиырма градус). Осыған байланысты вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өндірушіден халықты вакцинациялауға дейінгі барлық жолда тасымалдау кезінде «суық тізбек» талаптарын қатаң сақтау міндетті болып табылады.

Бұл жағдайда вакциналарға арналған «суық тізбек» кезеңдерін шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады:

1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;

2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;

3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;

4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.

Препараттарды сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың алдын алу үшін бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттарды сақтауды GDP стандартына сәйкес келетін фармацевтикалық хабтар мен қоймаларда жүзеге асырады.

Бірыңғай дистрибьютордың хабтары мамандандырылған мұздатқыш және тоңазытқыш камераларымен, температура мен ылғалдылық мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, вакциналарды тасымалдаудың барлық деңгейлерінде температура көрсеткіштерін ілеспе құжаттарда белгілей отырып, келіп түсуді және одан әрі жөнелтуді тіркеу жүргізіледі.

«Спутник V» вакцинасының бірінші партиясын өңірлерге дейін сақтау және тасымалдау осы талаптарға толық сәйкес келді. Осыған байланысты «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің басшылығы мен ұжымына, Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Ақтау қалаларының әуежайларының қызметкерлеріне, «Эйр Астана» және «Скат» авиакомпанияларының қызметкерлеріне және фармацевтикалық қоймалардың қызметкерлеріне қажетті рәсімдерді уақтылы жүргізуде жедел өзара іс-қимыл жасағаны және осындай маңызды жүкті еліміздің өңірлеріне тасымалдау және жеткізу бойынша көрсетілген қызметтер үшін алғыс білдіреді.

 

"СК-Фармация" ЖШС жұмысы туралы қосымша ақпаратты компанияның баспасөз қызметінен ала аласыз

 

+7 7172 57 13 06 pr@sk-pharmacy.kz

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще