2022 жылғы 16 қаңтарда Бірыңғай дистрибьютордың Баспасөз қызметі UNICEF қолдауымен науқастарға арналған нұсқаулықты іске қосуға арналған ҚР Диабет қауымдастығының тренингіне қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Диабет қауымдастығы UNICEF қолдауымен «Қант диабетімен ауыратын балалар мен жасөспірімдер және олардың ата-аналары үшін созылмалы ауру мен әл-ауқаттың өзін-өзі басқару бойынша нұсқаулық» дайындады. Осы нұсқаулықты іске қосу аясында науқастарға арналған бірқатар тренингтер өткізіледі.
СҚ-Фармация Баспасөз қызметінің бастығы Айгерім Смаилова науқастардың құқықтарын қорғау элементі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс-орталығының жұмысы туралы айтып берді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалау, науқастармен тікелей жұмыс істеу үшін Бірыңғай дистрибьюторда 1439 қысқа нөмірлі Байланыс-орталығы жұмыс істейді. Ол халықтан дәрі-дәрмектерді жеткізудегі іркілістер туралы барлық деректерді жинақтайды.
Науқастар Қазақстанның түкпір-түкпірінен кез келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөміріне тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күндері туралы ақпарат береді. Науқастарға ыңғайлы болу үшін байланыс-орталығы туралы ақпарат барлық медициналық ұйымдарда орналастырылған.
Барлық сұраулар жедел қаралып, қажет болған жағдайда қажет болған жағдайда дәрі басқа медициналық ұйымнан жіберіледі немесе қажетті дәрі-дәрмектер қоры сақталған арнайы хабтан жеткізіледі.
Бұдан басқа, жұртшылықпен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында кері байланыс арналары құрылды. Бұл – онлайн сұрау жасауға және кері байланыс алуға болатын ресми веб-сайттағы Басқарма Төрағасының блогы, «Науқастарға», «Халық бақылауы», «Құқық бұзушылықтар туралы хабарлау» бөлімдері. Сондай-ақ, Facebook, Instagram, Whatsapp әлеуметтік желілері арқылы науқастармен, қоғамдық ұйымдармен мониторинг және кері байланыс жүзеге асырылады.
UNICEF өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп, әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аударады; әлемнің барлық бұрыштарындағы балалардың игілігі үшін жұмыс істейді.