Жаңалықтар
20.06.2022

«СТ-KZ» СЕРТИФИКАТЫН БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ӨНДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін, 20 маусым – Бірыңғай дистрибьютор «Атамекен» ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлескен кеңес өткізіп, «СТ-KZ» ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат берудің және дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Талқылауға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінен Төрағасы А.Д.Әбенов, Төрағаның орынбасары К.Н.Елікбаев, «Атамекен» ҰКП тарапынан – Басқарушы директор-Медициналық қызметтер департаментінің директоры Н.М.Қабдрахманова, Басқарушы директор-Тауарлардың шығарылуын сертификаттау департаментінің директоры А.К.Құсайынов, Тауарлардың шығарылуын сертификаттау департаменті директорының орынбасары С.С.Садықов, Сатып алу және жергілікті қамту департаменті директорының орынбасары Р.Т.Шоқаев, Сатып алу және жергілікті қамту департаментінің 1 санатты сарапшысы А.Н.Алинова, Медициналық қызметтер департаментінің сарапшысы А.С.Ережепова қатысты.

Салалық қауымдастықтар тарапынан – «Қазақстан мединдустриясы» медициналық бұйымдар мен өнімдерді өндірушілердің отандық одағы» ЗТБ атқарушы директоры Р.А.Нұрмұханов, «Қазақстан ФармМедИндустрия» қазақстандық фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Г.Д.Манақпаева, «Медициналық бұйымдар өндірушілері қауымдастығы» ЗТБ Төрайымы Г.Е.Мұхамеджанова, «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ Президенті Д.С.Зверев болды.

Бизнес тарапынан «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өкілдері – Бас директоры С.А.Барон, атқарушы директоры Е.Б.Агатанов, Даму бөлімінің бастығы Д.В.Еремин, Заң бөлімінің бастығы Б.Төлегенова қатысты.

Бүгінгі таңда «СТ-KZ» сертификаты тауардың Қазақстанда өндірілгенін растайтын және ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге арналған 10 жылдық оффтейк келісімшарт түрінде мемлекет тарапынан преференциялар ұсынатын құжаттардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, «СТ-KZ» сертификаты бірегей, патенттелген дәрілік заттарды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен ұзақ мерзімді жеткізу шарттары шеңберінде жеткізуді жүзеге асыру кезіндегі міндетті құжаттар тізбесіне енгізілген.

Кеңеске қатысушылар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру кезінде, оның ішінде келісімшарттық өндірісті дамыту үшін сертификат алу жөніндегі ағымдағы жағдайды және проблемалық мәселелерді талқылады.

Бірыңғай дистрибьютор кеңеске қатысушыларға «СТ-KZ» сертификаты тауардың Қазақстанда өндірілгенін растап қана қоймай, сондай-ақ кез келген тауарды оқшаулау тереңдігінің деңгейін (жергілікті қамту үлесі) анықтауға мүмкіндік беретініне, бұл фармацевтикалық өнеркәсіптің даму деңгейінің маңызды өлшемі болып табылатынын атап өтті.   

ҚР СИМ ТРМК Төрағасы Ә.Д.Әбенов Комитет Бірыңғай дистрибьютордың, салалық қауымдастықтар мен бизнестің тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі Қағидаларға өзгерістер енгізу үшін жинақталған ұсыныстарын қарауға дайындығын атап өтті.

Бизнес және салалық қауымдастықтардың өкілдері кеңес тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді атап өтті: фармацевтикалық өндіріске арналған технологиялық операциялардың тізбесі, өндірілетін дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігіне, сапасына және тиімділігіне қойылатын талаптар, сарапшы-аудиторлар үшін сараптама жүргізу әдіснамасын әзірлеу және бекіту қажеттілігі, оқшаулау деңгейін тереңдету кезеңділігін нормативтік бекітудің маңыздылығы және т.б. 

Кеңеске қатысушылар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге нақты ұсыныстар әзірлей отырып, фармацевтика өнеркәсібінде «СТ-KZ» сертификатын беру процесін қайта жүктеу қажеттігі туралы пікірге бірауыздан келді.

Талқылау қорытындысы бойынша тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі Қағидаларға өзгерістер енгізу үшін келісілген ұсыныстар жинағын дайындау және оларды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"