Жаңалықтар
10.02.2021

«СК-Фармация» қызметкерлері тоңазытқыш қоймаларын басқару бойынша оқытудан өтуде

Бірыңғай дистрибьютордың басым міндеттерінің бірі - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің әрбір буыны жұмысының үздіксіздігі бөлігінде логистиканың тиімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта компания қызметін Қайта жүктеу бағдарламасы шеңберінде компания қызметкерлері Орталық Азиядағы суық жеткізу тізбегінің жаһандық Альянсы (GCCA) өткізетін тоңазытқыш қоймаларын басқару бойынша онлайн оқытудан өтуде.

Оқыту бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру бойынша USAID жобасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Оқу материалдары мен курс жаттықтырушыларының жұмысын дүниежүзілік азық-түлік логистикасы ұйымы WFLO (World Food Logistics Organization) ұсынды.

Курс менеджерлерге, диспетчерлерге және тоңазытқыш қоймаларының басшыларына арналған және оны танымал, халықаралық қауымдастық, сала көшбасшылары жүргізеді. Оның мақсаты бірыңғай дистрибьютордың операциялық тиімділігін арттыру және қызметкерлерді тоңазытқыш қоймаларымен жұмыс істеуге жан-жақты үйрету.

Курс бағдарламасы өнімді қоймаға қабылдаудан бастап өнімнің соңғы жөнелтілуіне дейін тоңазытқышты сақтауды шолуды қамтиды. Оқыту модульдері тауарларды сақтаудың озық тәжірибесін және сақтау мерзімін жақсарту үшін өнімді өңдеу кезінде ескерілетін факторларды қамтиды. Атап айтқанда, температураны бақылау құралдарын пайдалану және құжаттаманы жүргізудің озық тәжірибесі. Сондай-ақ, қатысушылар тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті суық сақтау жүйесінің ішіндегі сыни бақылау нүктелерімен танысады.

Оқыту бағдарламасы сондай-ақ қатысушыларды қоймалық сақтау технологиялары саласындағы инновациялармен таныстырады. Сонымен қатар, курс құрамында жоспарлары авариялық ден қою әр түрлі сценарийлері бар. Бұл мақсатты шаралар жеткізілімдердің үздіксіздігін және суық тізбектің сақталуын қамтамасыз етеді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще