«СК-Фармация» ЖШС өндіруші зауытпен тікелей келісімшарт шеңберінде медициналық ұйымдар мәлімдеген аутоиммундық аурулар мен иммун тапшылығы жағдайларын емдеуге арналған бірегей препараттардың жылдық көлемін "Гамманорм"сауда атауымен сатып алды.
Препаратты сатып алу австриялық өндіруші «Октафарма АГ» компаниясымен ұзақ келіссөздер нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл ретте, Қазақстанда Мемлекеттік тізілімде «Октафарма» өндірісінің "Гамманорм" бір ғана сауда атауы тіркелгенін атап өтеміз.
Сатып алынған препараттың бірінші партиясы ағымдағы жылдың наурыз айында Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына келіп түседі және өңірлерге жөнелту басталады.
Сонымен қатар, тікелей келісімшарт шеңберінде «Медтроник, Қазақстан» ЖШС жеткізушісімен қант диабеті кезінде қолданылатын медициналық бұйымдарды - үш айлық қажеттілікті өтейтін, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған инсулин помпаларына арналған жиынтықтар мен резервуарларды сатып алу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің уақтылығы мен үздіксіздігі Бірыңғай дистрибьютордың негізгі стратегиялық міндеті болып табылатындықтан, әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша пациенттерді қамтамасыз ету мәселесі әрқашан «СК-Фармация» ерекше бақылауында болады.