Жаңалықтар
11.08.2022

«НУСИНЕРСЕН» («СПИНРАЗА») ДӘРІ-ДӘРМЕГІНЕ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

«Қазақстан халқына» қоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «СҚ-Фармация» ЖШС-і арасында 2022 жылғы 3 наурызда өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандум аясында «СҚ-Фармация» ЖШС-і әлеуметтік жауапкершілік таныта отырып, дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдауды өтеусіз негізде жүзеге асырады, сондай-ақ жеткізушілерді іздеуде «Қазақстан халқына» қорына көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан халқына» қоры жеткізушіні өздігінен таңдайды. 

 2022 жылғы 3 және 4 наурызда «Қазақстан халқына» қоры «СҚ-Фармация» ЖШС-і атына дәрілік заттардың тізбесін жіберді, «Қазақстан халқына» қоры олар бойынша, оның ішінде жұлын-бұлшықет дистрофиясы және ұқсас синдромы, муковисцидозы бар пациенттер үшін «Спинраза» дәрі-дәрмегін сатып алуды қаржыландыру туралы шешім қабылдады.

«Қазақстан халқына» қорына жеткізушіні іздестіруге жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында «СҚ-Фармация» ЖШС-і сайтында «Қазақстан халқына» қорының атына дәрі-дәрмектерге баға ұсыныстарын беру үшін әлеуетті жеткізушілер мен өндірушілерге арналған хабарландыру жарияланған.

«СҚ-Фармация» ЖШС-і атына «Джонсон&Джонсон» компаниясынан хат келіп түсті, оған сәйкес компания «Спинраза» дәрі-дәрмегін тікелей келісімшарт арқылы немесе авторизацияланған дистрибьюторлар арқылы жеткізуді жүзеге асыруға дайындығын білдірді. 

2022 жылғы 29 наурызда «СҚ-Фармация» ЖШС-і «Джонсон&Джонсон» компаниясының өтінішін қарау және шешім қабылдау үшін «Қазақстан халқына» қорына ресми хат жіберді.

«Қазақстан халқына» қоры жеткізуші ретінде «Клинкер» ЖШҚ-н, «Спинраза» дәрі-дәрмегінің бағасын өздігенен анықтап, «СҚ-Фармация» ЖШС-і атына үш жақты жеткізу шартының жобасын жіберді.

Содан кейін, Меморандум шеңберінде 2022 жылғы 15 сәуірде «Клинкер» ЖШҚ-ы (жеткізуші), «Қазақстан халқына» қоры (төлеуші), «СҚ-Фармация» ЖШС-і (алушы) арасында «Спинраза» дәрі-дәрмегі жөнінде үшжақты шарт жасалды.

Бұл ретте, «СҚ-Фармация» ЖШС-і шарт талаптарына сәйкес «Спинраза» дәрі-дәрмегін алуды және өңірлерге жеткізуді қамтамасыз етеді және оның меншік иесі болып табылмайды.

Біздің елімізде дәрілік заттар айналымы бойынша маңызды аспект – Қазақстан Республикасы және/немесе ЕЭҚ заңнамасының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмектерді міндетті түрде тіркеу болып табылады.

«Клинкер» ЖШҚ-ы жеткізетін «Спинраза» дәрі-дәрмегі Қазақстан Республикасында жоғарыда көрсетілген мемлекеттік тіркеуі жоқ. Дәрілік зат Ресей Федерациясында тіркелген. Осыған байланысты, заңнамада «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ беретін рұқсат құжаты бойынша дәрілік заттарды республика аумағына әкелу көзделген.

«СҚ-фармация» ЖШС-і шарт жасасқан күні, 2022 жылғы 15 сәуірде, «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-не «Спинраза» дәрі-дәрмегін бір реттік әкелуге рұқсат алу үшін тиісті өтініш пен құжаттар пакетін жіберді.

Шарттың талаптарына сәйкес, жеткізуші дәрі-дәрмекті Алматы қаласының әуежайында алушыға беруге міндетті.

Алайда, жеткізуші «СҚ-Фармация» ЖШС-ін ескертусіз «Спинраза» термолабильді дәрі-дәрмегін қоймаға өз бетінше жеткізді.

Дәрі-дәрмек қоймаға келген кезде әкелуге рұқсат беру құжатының болмауына байланысты тауардың сақталуын, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін температуралық режимді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Спинраза» дәрі-дәрмегі тиісті сақтау режимімен «карантин аймағына» орналастырылды. Карантин аймағына дәрілік затты орналастыру ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Тиісті дистрибьюторлық практика стандартының (GDP) 32, 73 және 74-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

Сол күні, 2022 жылғы 21 сәуірде, «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-нен «СҚ-Фармация» ЖШС-не «Спинраза» дәрі-дәрмегін бір реттік әкелуге рұқсат беру құжатын беруден дәлелді бас тарту жіберілді.

Қазіргі уақытта» «СҚ-Фармация» ЖШС-і «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-не дәрі-дәрмекті әкелуге рұқсат құжатын алуға өтінішті қайта жіберді.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-і «Спинраза» дәрі-дәрмегін алу және өңірлерге жеткізу бойынша міндеттемелерді өзіне алғандығын атап өткен жөн.

Алайда, тапсырманы орындау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің талаптарын бұза отырып мүмкін емес, онда ел аумағына дәрі-дәрмектерді кіргізу әкелуге рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылады.

«СҚ-Фармация» ЖШС-і өз қызметін қолданыстағы заңнама аясында және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады және пациенттердің денсаулығы басым фактор болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"