Жаңалықтар
19.09.2023

«GLOBAL PHARM» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылғы 26 қазанда «Astana Zdorovie» Денсаулық сақтау» – 2023 Қазақстандық халықаралық көрмесі шеңберінде «GLOBAL PHARM» III Халықаралық фармацевтикалық форумы өтеді.

Іс-шара аясында вице-премьер, ҚР денсаулық сақтау министрі және СЕО ірі фармацевтикалық компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Басты мақсат – мемлекеттік құрылымдар мен ірі бизнес арасында ашық диалог орнату.

Сонымен қатар, форумның аудиториясын фармацевтика мәселелері бойынша халықаралық сарапшы – практиктер, әлемдік атаумен ғалымдар мен практик дәрігерлер, медициналық өнімдердің ірі өндірушілері, Орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялардың басшылары, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер ұсынады.

Форум ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС қолдауымен өткізіледі. Диалог алаңы онлайн трансляциямен сүйемелденетін болады.

Өтетін орны – «EXPO» Халықаралық көрме орталығы, Астана қаласы.

Қатысу үшін және серіктестік мәселелері бойынша толығырақ
e-forum.net сайтында.  

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще