Жаңалықтар
15.07.2022

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЙ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

15 шілдеде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтті. Биыл Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына тура 30 жыл толды. Қазақстан мен Корея арасындағы өзара қарым-қатынастар екі ел арасындағы достық ниеттерді әрдайым айқындап отырады.

Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі шеңберінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара іс-қимылдың жаңа салаларын әзірлеу. Шараның ұйымдастырушылары – Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) мен «Самұрық-Қазына» АҚ.

Форумға корей және қазақстандық компаниялардың, құзыретті органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Кіріспе сөз KITA Халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Ким Хен Чолға берілді. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» АҚ-ы Дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ құттықтау сөз сөйледі.

Онлайн-кездесуде «Самұрық-Қазына Инвест» бас директоры Сәкен Әбілмәжінов Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Университеттің профессоры Кукмин Ли Санг Джун «Корея Республикасының жаңа әкімшілігі басталғаннан кейін Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық болжамы» тақырыбында баяндама жасады. «Тау-Кен Самұрық» инвестициялар департаментінің директоры Данияр Мырзахметов өз сөзінде Қазақстанның тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы ағымдағы жағдайы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Форумда, сондай-ақ, Корей геология және минералды ресурстар институты (KIGAM) Сирек жерлер мен металдар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Хо Чоль Хо сөз сөйлеп, «Қазақстан мен Корея арасындағы тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кейстермен таныстыру» презентациясын ұсынды.

Өз кезегінде, Бірыңғай дистрибьютор форумға қатысушыларын Қазақстанда қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі мен дәрілік қамтамасыз ету жүйесіндегі бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, фармацевтика және биоиндустрия саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер, бірегей препараттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бастамалары жарияланды.

Бірыңғай дистрибьютор отандық өндірісті дамыту үшін ірі әлемдік фарминдустриямен өзара іс-қимылды дамыту және R&D орталықтары типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету қуатты ынталандыру болып табылатынын ерекше атап өтті.

Қазақстандық тарап кореялық корпорацияларды дәрі-дәрмектер мен дәрілік шикізат контрактілік өндірісін дамыту үшін шақырып, бұл өз кезегіндеекіел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың кең перспективаларын ашатынын атап өтті.

Бүгінде біздің елімізде экономиканың түрлі секторларында корей капиталының қатысуымен 5500-ден астам бірлескен компания жұмыс істейді. Екі елдің мамандары тәжірибе алмасып, ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде.

Онлайн кездесуге Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Пак Сонг Хо да қатысты. Ол Қазақстан мен Корея арасындағы фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп саласындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кейстердің ұсыныстары туралы айтты.

Бүгінгі таңда кластерлік бастаманы дамыту аясында Бірыңғай дистрибьютордың KHIDI-мен екіжақты ынтымақтастығы белсенді дамып келеді. Осылайша, биыл маусым айында Бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары өтіп, оның аясында 40-тан астам фармацевтикалық компаниялармен дөңгелек үстел өткізілді, Қазақстанда медициналық өнімдер өндірісін оқшаулау бойынша 5 Меморандумға қол қойылды.

Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бойынша тәжірибе алмасу шеңберінде ынтымақтастықты дамыту денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де кең перспективалар ашады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығын, оның ішінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптегі ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы туралы өзара пікір білдірді. Өткен бизнес-форум өзара іс-қимылдың ақпараттық-коммуникациялық алаңына айналды. Қатысушылар одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Анықтамалық:

Korea Health Industry Development Institute (KHIDI) – Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты – бұл Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме. KHIDI институты 1999 жылы корей медициналық саласының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіби және жүйелі қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылды. KHIDI корей Денсаулық сақтау саласын жаһандық ілгерілету бойынша жұмыс істейтін кәсіби институты болып табылады.

Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) 1946 жылы халықаралық сауданы дамыту арқылы Оңтүстік Корея экономикасының өсуіне жәрдемдесу мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта KITA 70 000-нан астам компанияны біріктіретін Корея Республикасының ірі іскерлік қауымдастығы болып табылады. Оңтүстік Кореяның жаһандық сауда компанияларының мүдделерін білдіре отырып, KITA оларға практикалық қолдау көрсетеді, сауданың жеке секторындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, сауданың жаңа стратегияларын әзірлеумен айналысады, сауданың дамуына ықпал ететін инфрақұрылымды қалыптастырады және осы саладағы мамандарды оқытумен айналысады.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қор коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг болып табылады, оның миссиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кореяның Геология және минералды ресурстар институты (KIGAM) геологиялық ғылымдарды дамытудың әлемдік жетекші институттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманғы технологияларды ұсынады және геологиялық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізу және қызметтер көрсету арқылы геологияның Мемлекеттік дамуына үлес қосады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"