ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 852 бұйрығымен «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Құжат ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық бұйымдардың сауда атауына жаңа шекті бағаларды бекітуді көздейді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2024 жылдың 13 желтоқсанында өтті.
Бұйрықтың мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://zan.gov.kz/client/#!/doc/203982/kaz