Жаңалықтар
20.06.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ 100% ҚАТЫСУЫМЕН ҚР ДСМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

2009 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында СҚ-Фармация компаниясын құру туралы шешім қабылданды.

Одан кейін, 2013 жылғы 25 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен «СҚ-Фармация» ЖШС-і жүз пайыз қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Бірыңғай дистрибьютор жүйесі ТМККК шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстанның фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды елдің заңнамасына сәйкес шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылып, мемлекеттің 100% қатысуымен Серіктестік ретінде Әділет органдарында тіркелді және мемлекеттің мүддесін білдіреді.

 

СҚ-Фармация атынан Бірыңғай дистрибуция жүйесінің артықшылықтары:

 1. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тең қолжетімділік: СҚ-Фармация құрылғанға дейін өңірлер препараттарды өздері сатып алған және әртүрлі өңірлердегі дәрі-дәрмектердің бағасы бірнеше есе өзгеруі мүмкін еді.

2. Бюджет қаражатын үнемдеу. Бүкіл республикадан көлемдерді шоғырландыру – үлкен көлемдердің есебінен елеулі жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді; шетелдік өндірушілермен тікелей халықаралық келісімшарттарға қол жеткізу (дистрибьюторды сатып алу тізбегінен алып тастау есебінен бағаны төмендету) және БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары (ЮНИСЕФ, БҰҰДБ) арқылы неғұрлым төмен бағалар бойынша дәрілерге қол жеткізу.

Бағалардың төмендеуінің арқасында ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет аясында дәрілердің үлкен көлемін сатып алуға болады.  СҚ-Фармация қызметі кезеңінде үнемдеу 162,9 млрд. теңгені құрады. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш – 32,7 млрд.теңге болды.

3. Фармацевтикалық саланы дамыту: отандық әзірлемелерді қолдау және отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту: ОТӨ-мен 10 жылдық шарттар жасасу (кепілді өткізу нарығы және инвестициялық тартымдылық). Нәтижесінде фармацевтика саласы қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып, ОТӨ үлесі 41%-ға дейін өсті

COVID-19 кезіндегі карантин жағдайында дәл осы отандық зауыттар үш ауысымды жұмыс уақытына және өндірісті қайта форматтауға ауыса отырып, нарықты дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз етуге ықпал етті.

4. Дамыған логистикалық желі: СҚ-Фармация дәрілердің өзіндік құнын қымбататпай, тіпті ең шалғай елді мекендерге дәрі-дәрмектерді жеткізуді қамтамасыз етеді. 

5. Сатып алудың ашықтығы: Сатып алу ҚР ҚМ электрондық қаржы орталығының арнайы әзірленген платформасында электрондық форматта жүргізіледі. Барлық рәсімдер ашық өтеді, жүйеде әрбір әрекет өзінің сандық ізін қалдырады, бұл өз кезегінде сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмайды.

6. Төмендетілмейтін қор: СҚ-Фармацияның өз қаражаты есебінен дәрі-дәрмектердің жалпы жылдық қажеттілігінің 25%-на дейін төмендетілмейтін қоры қалыптастырылған.

Әлемдік коронадағдарыс СҚ-Фармацияның жұмысы мен тәсілдерін қарқынды өзгертті. Ең күрделі жағдайда қазақстандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі үшін  қолданыстағы процестерді толық қайта қарау туралы мәселесі туындады. 2020-2021 жылдары жүйені толық Қайта жүктеу бағыты қолға алынды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің науқасқа бағдарланған жүйесі басымдыққа ие болды.

СҚ-фармацияны Қайта жүктеу – бұл жетілдірудің серпінді әрі үздіксіз процесі. Бір жағынан, сапаны арттыру бойынша тұрақты жұмысты қамтамасыз ететін, ал екінші жағынан – инновациялық әлеуетті ашудың негізі бола отырып, СҚ-Фармация нарықтың өзгеріп отырған талаптарына икемденуге мүмкіндік беретін жетілдіру үшін жағдайлар қалыптастырболып табылады. Осылайша, СҚ-фармацияны Қайта жүктеу бағдарламасы аясында:

1) COVID-19-бен күресу. Жедел жөнелту үшін медициналық ұйымдарда, сондай-ақ СҚ-Фармация қоймаларында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының қорлары жасақталды.

2) Логистиканы жетілдіру. Логистикалық процестер жаңғыртылды. Жағдайды өзгерту үшін логистика форматы статикалықтан динамикалыққа өзгертілді.

  • Ø Жеткізу мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарды;
  • Ø Cross-docking қағидаты бойынша тауарды Хабтан өңірлерге бөлу;
  • Ø Кезекші топтарды қалыптастыру арқылы қойманың жұмысы 24/7 режиміне ауысты.

Қабылданған шаралар дәрі-дәрмектерді тасымалдау мерзімін төрт есе қысқартуға, «дөңгелектен» жөнелту қағидаты бойынша жеткізілімдердің жеделдігі мен уақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Гуманитарлық жүктердің кідіруіне жол бермеу мақсатында жіберілетін гуманитарлық жүк бойынша құжаттар алдын ала жіберілетін кезде сол елге алдын ала хабардар ету моделі әзірленді.

2020 жылы шет мемлекеттердің, халықаралық және отандық ұйымдардың гуманитарлық жүктерінің 80-нен астам партиясын алып жүрді. Бұл жұмыс бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

СҚ-Фармацияның қатысуымен вакциналардың «суық тізбегін» цифрландыру жөніндегі пилоттық жоба аяқталды. Аталмыш процесс «суық тізбек» қағидатын сақтай отырып, соңғы тұтынушыға дейінгі вакциналардың қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл әрбір қаптаманы тасымалдау кезінде орналасқан жері мен тиесілігін және температуралық режимін қадағалауға мүмкіндік береді.

3) Сатып алу рәсімдерін жетілдіру. ҚР Үкіметінің қолдауымен 375 Сатып алу қағидаларының жобасы әзірленді және күшіне енді.

Осы қаулыдағы негізгі өзгерістер:

  • Ø ДЗ мен МБ-н электрондық сатып алуға көшу және құжаттар тізбесін қысқарту;
  • Ø ОТӨ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу критерийлары жетілдірілді (экспорт, ғылыми әлеует, технологиялар трансферті);
  • Ø ДЗ мен МБ сатып алу циклдері арасындағы тауарлық алшақтықты болдырмау үшін Бірыңғай дистрибьютордың төмендетілмейтін қор тізбесі 25%-ға (бұрын 10%) дейін ұлғайтылды;
  • Ø Бірыңғай дистрибьютормен веб-порталда жеткізу шарттарын жасасу.

4) Өңірлермен дәрі-дәрмектерді жоспарлауды жетілдіру.  СҚ-Фармация дәрі-дәрмектерді жоспарлаудың жаңа моделін ұсынды.

Жұмыс тобы құрылды және Бірыңғай дистрибьютордың тікелей қатысуымен ТМККК және МӘМС шеңберінде ДЗ мен МБ қажеттілігін қалыптастыру қағидалары мен әдістеме жобасы әзірленді. Модельдің мәні – «ДНЭТ» және «МАЖ» ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде өтінім автоматты режимде қалыптасады.

5) Отандық фармөнеркәсіптерін қолдау:

  • Ø Ұзақ мерзімді шарттар жасасуға жеткізушілерді іріктеу критерийлері қайта қаралды (экспорт, ғылыми әлеует, технологиялар трансферті),
  • Ø Отандық ДЗ мен МБ тіркеу сараптамасы жеделдетілді және бұл жаңа өнімді жедел шығаруға мүмкіндік береді.
  • Ø Ұзақ мерзімді шарттардың орындалуына мониторинг жүргізіледі.
  • Ø 2025 жылға дейін ОТӨ-нен сатып алу үлесінің кем дегенде 50% өсуінің KPI белгіленді.
  • Ø Отандық ДЗ мен МБ қауіпсіздігі мен сапасын бағалау (сертификаттау) жүргізу жеделдетілді.
  • Ø Фармацевтикалық кластерлерді құру және қайта жүктеу бастамасы пысықталды.

Қазақстанның фармацевтика саласына шетел инвесторларын тарту үшін Бірыңғай дистрибьютор Kazakh Invest-пен бірлесіп, ҚР аумағында өз өндірістерін оқшаулауға дайын әлеуетті инвесторларға арналған жолкөрсеткіш INVESTMENT GUIDE BOOK дайындады. Құжат бір терезе қағидаты бойынша қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі дәрілік брендтер еліне кіру алаңын қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін СҚ-Фармация әлемдік фармацевтика индустриясының ірі ойыншыларымен кездесулер өткізеді, олардың барысында қазақстандық фармацевтика нарығына қатысудың перспективалық жоспарлары мен салаға инвестициялау мәселелері талқыланады.

Қазақстан экономиканы жаңғыртуды табысты іске асыру үшін қажетті инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі.

Бүгінгі таңда осы үдерістің түрлі сатыларында BIGPHARMA 7 фармацевтикалық компаниясымен келісімшарттық өндіріс бойынша 13 инвестициялық жоба (Hoffmann-La Roche (Швейцария), Novo Nordisk (Дания), AstraZeneca (Ұлыбритания), Sandoz (Швейцария), Takeda (Жапония) PFIZER, ATABAY Pharmaceuticals and Fine Chemicals) жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Инвестицилар құны – 17 млрд теңгеден асады.  

Қымбат инновациялық өнімдер өндірісін дамытуға, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілетуге, сондай-ақ кластерлік бастаманы дамытуға басты мән беріледі.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, R&D орталықтары типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету фармацевтикалық кластерлерді дамыту үшін үлкен ынталандыру болады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 3 кластерлік аймақ қарастырылуда.

6) Жұртшылықпен өзара әрекеттесуді жақсарту. Жұртшылықпен өзара әрекеттесуді жақсарту мақсатында кері байланыс арналары құрылды. Бұл – ресми веб-сайт, Басқарма Төрағасының блогы, ресми веб-сайтта «Пациенттерге», «Халықтық бақылау», «Құқық бұзушылықтар туралы хабарлау» бөлімдері, Байланыс-орталығы.

Сондай-ақ, Facebook, Instagram, Whatsapp әлеуметтік желілері арқылы пациенттермен, қоғамдық ұйымдармен мониторинг және кері байланыс жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс тобы құрылып, онда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің аса өткір мәселелері ашық талқыланады. Бүгінгі күні жұмыс тобының алаңында 6 отырыс және ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесу өткізілді. Жұмыс тобының әрбір отырысы Facebook-тің «СҚ-Фармация» ресми парақшасында таратылады. Барлық көтерілген мәселелер «Проблемалық мәселелер кітабына» енгізілді. Онда 44 жүйелі мәселе пысықталды.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде қалалық және ұялы телефондар үшін қолжетімді 1439 қысқа нөмірі бойынша Байланыс-орталығы жұмыс істейді. 2021 жылы халықтан 27 129 қоңырау қабылданды.

Аурулардың әртүрлі топтары бойынша науқас ұйымдармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер «Сұрақтар реестріне» енгізілді.

Жоспарлау және дәріпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша дәрігерлік қауымдастықтармен кездесулер өткізілді.

СҚ-Фармация өз жұмысында тікелей диалог пен өзара іс-қимылға ашық, әрбір құнды ұсыныс іске асатындай және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартудың пайдалы құралы болатындай тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогқа дайын.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"