Жаңалықтар
05.02.2021

СҚ-Фармация өз қызметі туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады

Бүгін, 5 ақпанда, құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретін «СҚ-Фармация» жанындағы қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Бірыңғай дистрибьютордың осы алаңында азаматтық қоғамнан келіп түсетін мәселелер үнемі көтеріліп отырады және қажетті ұсыныстар енгізу үшін халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер ашық талқыланады.

Күн тәртібі бойынша бірінші болып Covid-19 вакциналарын тасымалдауға және сақтауға арналған "суық тізбектің" дайындығы туралы мәселе ұсынылды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесінде термолабильді препараттарды сақтау мен тасымалдаудың оңтайлы температуралық режимін өндірушінің кәсіпорынынан тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдерінде қамтамасыз ететін үздіксіз жұмыс істейтін жүйені қалыптастыру маңызды буын болып табылады. Отырысқа қатысушылар вакцинаны жеткізу тізбегінің кезеңдерімен, covid-19 вакцинасын аймақтарға дейін сақтау және тасымалдау үшін бірыңғай дистрибьютор хабтарының дайындығымен танысты.

Мәселен, 31 қаңтарда Нұр-сұлтан қаласына жеткізілген ресейлік "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы командасының үйлесімді жұмысының нәтижесінде бір тәулік ішінде Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан "СК-Фармация" хабтарына таратылып, әрі қарай әуе және авто көліктерде мультимодальдық тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, еліміздің барлық өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілді.

Сондай-ақ, қоғам өкілдеріне келіп түскен гуманитарлық көмек туралы ақпарат ұсынылды.

Отырыстың күн тәртібі бойынша екінші мәселе 2021 жылға арналған covid-19 емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алу қаралды.

Бірыңғай дистрибьютор ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша короновирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындық бойынша бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар КВИ емдеу үшін дәрілік заттар бойынша елде резервті сақтауға және аурудың өршуі жағдайына тегін амбулаториялық және стационарлық көмек деңгейінде де, бөлшек сауда деңгейінде де жедел ден қоюға және қажеттілік пен сырқаттанушылықты жоспарлаумен проблемаларды тегістеуге мүмкіндік береді.

 

Үшінші мәселе "СК-Фармация"байланыс орталығының жұмысы туралы есеп болды.

Есепті кезеңде халықтан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 27128 қоңырау қабылданды. Оның ішінде диспансерлік есепте тұрған пациенттерден 22 589 шағым. Халықтан алынған мәліметтерді, ефис есептік деректерін, медициналық ұйымдардың алдын ала және түпкілікті өтінімдері бойынша деректерді талдау нәтижелері бойынша жіктеуіш бойынша жүгіну себептері анықталады, бұл себептік факторлар бойынша өтініштерді топтастыруға және пациенттердің өтініштерінің бірінші себептеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, себептік факторларды талдау өтініштердің ең көп саны медициналық ұйымдардан дәрілік заттарға өтінімнің болмауына байланысты болғанын көрсетеді.

Жұмыс тобына төртінші сұрақ ретінде Бірыңғай дистрибьютордың IT стратегиясын дамыту жобасы ұсынылды.

Бүгінгі таңда "СҚ-Фармация" дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландыруды жетілдіру жөніндегі жобаға бастамашылық жасады. Жоба тұтынудың сапалы болжамын; қалдықтардың тиімді мониторингін; дәрілік заттарды жеткізудің барлық тізбегі бойынша қадағалауды; қоғамдық бақылау мүмкіндігін; қайталама айналымнан қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәрілік қамтамасыз ету процесіне барлық қатысушылардың жауапкершілігін бекітуге мүмкіндік береді. Жоба бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін "Атамекен" ҰКП мамандары, ақпараттық технологиялар, логистика, фармацевтикалық қызмет салаларындағы бизнес-қоғамдастық өкілдері тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау күн тәртібіндегі келесі мәселе болды.

Бірыңғай дистрибьютордың бастамасы бойынша 2020 жылғы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша "СҚ-Фармация" іс-шаралар жоспары әзірленіп, Агенттікпен келісілді. Сонымен қатар, ҚР ДСМ кеңестерінде осы талдаудың аралық қорытындылары қаралды. Талдау қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ескертпелерді ескере отырып, қызметін реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ оның құрылымында Комплаенс-офицер, Омбудсмен лауазымдары құрылды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша баяндамашылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, қоғам қайраткерлері тарапынан Covid-19 вакциналарын сатып алуға, дәрілік заттарды G&P сертификаттауға, сатып алу кезінде қаражатты үнемдеуді қалыптастыруға, азаматтардың өтініштерін талдауға, сондай-ақ бөлшек дәріханаларды дәрілік заттарға рецепт жазып беру жөніндегі жалпы ақпараттық жүйеге қосу мүмкіндігі мәселесін қарауға қатысты мәселелер айтылды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйелері жұмысының оңтайлы модельдерін талқылады, халықты қажетті дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуді жетілдірудің жалпы тәсілдерін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретін "СК-Фармация" ЖШС қоғамдық жұмыс тобы дәрілік қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында құрылған.

Бүгінгі күні жұмыс тобының алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрімен үш отырыс және бір кездесу өткізілді. Жұмыс тобының әрбір отырысы Facebook-тің "СК-Фармация"ресми парақшасында таратылады.

Топ компания қызметінің проблемалық мәселелерін талқылап қана қоймай, қоймаларға мониторинг жүргізуді, ауруханалар мен дәріханалардың қажеттіліктерін болжауды, дәрі-дәрмектерді ауруханаларға жөнелту уақытын өлшеуді, сондай-ақ сатып алу рәсімдеріне және жеткізушілермен келіссөздерге бақылаушы ретінде қатысуды жоспарлап отыр.

 

 

 

"СК-Фармация" ЖШС жұмысы туралы қосымша ақпаратты компанияның баспасөз қызметінен ала аласыз

+7 7172 571306       pr@sk-pharmacy.kz

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще