Жаңалықтар
06.10.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ SAMSUNG MEDISON ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОҚШАУЛАУ БОЙЫНША НАҚТЫ ҚАДАМДАРДЫ БЕЛГІЛЕДІ

5 қазанда Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда медициналық техниканы оқшаулау мәселелері бойынша«Samsung Medison» және «Ordamed» АҚкомпанияларының басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Samsung Medison» Бас директоры – Ёнг Кван КИМ, «Samsung Medison» Вице-президенті – Ку Тэ Ю, «Samsung Medison» Орта Азия бойынша өңірлік директоры – Джанг Хван КИМ, «Ordamed» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – Еркін Длимбетов, «Ordamed» АҚ Басқарма төрағасы – Юлия Анохина қатысты.

Бүгінгі күні геосаяси жағдайда Қазақстан жергілікті өндірісті дамытуға, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру, отандық медициналық жабдықтар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында ілгерілетуге зор мән береді.

Пациенттерді сапалы емдеу үшін медициналық техника нарығының тиімді жұмыс істеуі жолымен медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Бұған дейін Мемлекет басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырған еді. Осы тапсырмаларды орындау үшін Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканың әлемдік өндірушілерімен орталықтандыру тетіктерін әзірлеу, оның ішінде өндірісті оқшаулау шарттарында жұмыс істей бастады.

Диагноздың дәлдігі табысты емдеудің негізгі құрамдас бөлігі болып танылатындықтан, кездесуде Қазақстанда аурудың өсу статистикасын жақсартуға ерте сапалы алдын ала диагностиканың әсері туралы мәселелер қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы делегациясының Корея Республикасына сапары шеңберінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Samsung Medison Co., LTD және «Ordamed» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бүгінгі кездесу аясында осы Меморандум бойынша іс-қимылдарды дамыту жоспарлары мен нүктелері талқыланды.

Сондай-ақ, Samsung және Ordamed компанияларының Қазақстандағы ультрадыбыстық диагностика нарығын дамытуға әсері туралы мәселеге көп көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тараптар мамандардың біліктілігін арттыруды, сапалы медициналық қызметтер көрсетуді жақсартуды және елдің денсаулық сақтау жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізуді егжей-тегжейлі талқылады.

Осылайша, 2007 жылы бүкіл Қазақстанның дәрігерлері үшін Ordamed компаниясы ұйымдастырған ProVisio алғашқы ғылыми-практикалық курсы өтті. Осы кезден бастап аталмыш іс-шара біздің елімізде ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстан республикаларында да жыл сайын өткізіліп келеді. ProVisio курсының Бас спикерлері бүкіл әлемге танымал ультрадыбыстық диагностика саласындағы сарапшылар болып табылады.

Тараптар кадр ресурстары денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айқындайтынын атап өтті. Бұл саланы тиімді, қолжетімді ететін және медициналық көмектің сапасын арттыратын еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары білікті кадрлар.

Ordamed 2006 жылы Medison компаниясымен эксклюзивті келісімшартқа қол қойып, осы брендтің Орталық Азия елдеріндегі ресми дистрибьюторы болғанын айта кетейік.

2011 жылы Samsung Medison компаниясының құрылуы әйгілі Samsung әлемдік бренді мен Medison УД-жабдықтың жетекші өндірушісін біріктіру жолымен жүзеге асты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі туралы өзара пікір білдірді. Тараптар бүгінгі диалог міндетті түрде жалғасатынына және оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще