Жаңалықтар
25.07.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ КОРЕЯЛЫҚ CORENTEC КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Бүгін, 2022 жылғы 25 шілдеде Бірыңғай дистрибьютор алаңында кореялық Corentec компаниясымен кездесу өтті.

Corentec тарапынан кездесуге компанияның шетелдік сату бөлімінің аға менеджерлері Matthew Kim мен Michael Baik қатысты.

Жоғары сапалы өнімдерін шығаруға мамандандырылған ғаламдық ортопедиялық компания Corentec – Кореядағы алғашқы жасанды буын өндірушісі болып табылады. Компания – озық өнімділік пен зерттеу тәжірибесінің арқасында жасанды буындар нарығында көшбасшы.

Кездесуде Corentec компаниясы технологиялар трансфері және Алматы облысындағы жұмыс істеп тұрған өндірістік алаң базасында тізе протездері өндірісін оқшаулау мәселелерін талқылауға қызығушылық білдірді.

Келіссөздер барысында Corentec компаниясының өкілдері ұсынған презентациясында өндірілетін өнім желісі туралы толық ақпаратпен бөлісті.

Corentec өнімдері, технологиялары, ұйымдары және қызметтері науқастарға бағдарланған негізгі құндылықтарға негізделген және алға қадам жасай отырып, компания әрқашан да «науқастардың қажеттіліктері мен қалауына» баса назар аударады.

Сонымен қатар, Сorentec кореялық компаниясында алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды танымал ету және мамандандыру бойынша түрлі білім беру бағдарламалары мен тренингтерді ұсынатын Академиясы бар.

Мемлекет Басшысының жаһандық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы алға қойған міндетін іске асыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Отандық фармацевтикалық нарық бүгінде дамушы нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздейтін халықаралық инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырады.  Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, бірегей дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды оқшаулау бағытында алға жылжыту бүгінде сала үшін маңызды мәнге ие.

Кездесу соңында тараптар кореялық медициналық бұйымдар өндірісін Қазақстанда оқшаулау бойынша ынтымақтастықты дамыту және Corentec компаниясымен өндірілетін бұйымдарды оқшаулау бойынша шарт жасасу мүмкіндігі туралы өзара пікір білдірді.

 

Анықтамалық:

 

Corentec – танымал премиум брендтер мен үнемді кіріс деңгейіндегі өндірушілер арасындағы нарықтық алшақтықты толтыру үшін стратегиялық орынға ие. Компания өнімдері әлемнің 35 еліне экспортталады және бүкіл әлемде танылған сапа стандарттарына сәйкес келеді - http://www.corentec.com/index_eng.php

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"