Жаңалықтар
26.07.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ AGEP'C ҚҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

26 шілдеде Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері AGEP'C (АНТИГЕПАТИТ С) қоғамдық қорының директоры Сергей Бирюковпен кездесті.

Кездесу барысында «Гепатит» және «АИТВ» диагнозы бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды.     

Әлеуметтік мәні бар сырқаттар бойынша әрбір науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда және әрбір медициналық ұйымға жедел жеткізу пысықталуда. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор үшін науқасқа бағдарланған қағидаттары басымдыққа ие.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеттерінің бірі – дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез келген төтенше жағдайда икемді және ең алдымен науқастардың қажеттіліктеріне бағдарланатындай жұмысты ұйымдастыру.

Бұдан басқа, операторлар облыстардың кураторларымен және Бірыңғай дистрибьютордың өңірлік өкілдерімен бірлесіп, науқастардың дәрі-дәрмектерді нақты алу мониторингімен қолда бар дәрілік заттарды толық алмау фактілері бойынша әрбір шағымды пысықтайды.

Бүгінгі күні дәрілік препараттарға өтінім жасау процесі науқастар үшін ашық болып табылады. Бірыңғай дисрибьютордың веб-сайтындағы интерактивті анықтамалық парақшасында науқастар онлайн режимде медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімі бойынша барлық ақпаратты (медициналық ұйым қажетті дәрі-дәрмектерге өтінім орналастырған ба, қанша мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай-ақ оның ағымдағы сәтте болуын және келесі жеткізудің жоспарланған мерзімдерін) бақылай алады.

Бірыңғай дистрибьютор бір мезгілде бірқатар сатып алу рәсімдерін жүргізеді. Стационарлық және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тікелей дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларды іске асыру өз өндірісін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жолымен дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен ОТӨ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың белсенді қызметінің арқасында отандық өндірушілерден дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу едәуір артты. 

Кездесу соңында Бірыңғай дистрибьютордың пациенттік ұйымдармен және ОТӨ-мен бұдан да тығыз өзара іс-қимылы әлеуметтік мәні бар сырқатқа шалдыққан науқастарды уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешуге қызмет ететіні атап өтілді.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"