Жаңалықтар
29.03.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖЕКЕМЕНШІК ДӘРІХАНАЛАР ҮШІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР САТЫП АЛМАЙДЫ

БАҚ және әлеуметтік желілерде жекеменшік дәріханаларға дәрі-дәрмектердің жеткізілмеуі туралы мәселелер жиі көтеріліп, аталмыш проблеманы «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютерімен қателесіп байланыстырып жатады.

Осыған байланысты, «СҚ-Фармация» ЖШС Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор болып табылатынын хабарлаймыз.

Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық (емхана) және стационарлық (аурухана) деңгейлерде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ғана дәрі-дәрмектерді сатып алумен және жеткізумен айналысады. Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы стационарлық та, амбулаториялық та секторлардың шамамен 2 мың медициналық ұйымы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Жеке дәріханаларға дәрілік заттарды жеткізу Бірыңғай дистрибьютордың қызметіне жатпайды.

ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамсыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген.

Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрі-дәрмектерінің тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 2021 жылғы 20 тамызда №ҚР ДСМ-88 бекітті. Онда дәрілік заттардың сипаттамалары, халықаралық патенттелмеген атауы және олардың шекті бағалары қамтылған.

Дәрілерді сатып алу стационарлық көмек аясында медициналық ұйымдар және амбулаторлық дәрілік қаматамыз ету аясында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылған өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектер атауы бойынша да, олардың көлемі бойынша да өз қажеттіліктерін өздері анықтайды. Осы өтінімдерге сәйкес Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырады.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, пациенттермен тікелей жұмыс істеу мәселесін қадағалау үшін Бірыңғай дистрибьютордың байланыс-орталығы жұмыс жасайды. Ол халықтан дәрі-дәрмектерді жеткізудегі сәтсіздіктер туралы барлық деректерді жинақтайды. Пациенттер кез келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөмірі бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен тегін қоңырау шалып, тегін жіберілетін дәрі-дәрмектер бойынша толық ақпарат ала алады.

Фармацевтикалық жекеменшік субъектілерге келетін болсақ, олар өз қызметін нарықтық орта жағдайында жүзеге асырады және кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерге жатады.

Қазақстанның аумағында 8 мыңнан астам жеке дәріхананың дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатуға лицензиясы бар. Жекеменшік дәріханалар өз болжамдары және сауда көлемі негізінде көтерме сауда дистрибьюторларынан сатып алады.

Сонымен қатар, халықты медицина препараттарының бағасы жөніндегі мәселе алаңдатады.

Дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің ашық жүйесін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы өндіруші зауыттың бағасынан, дистрибьюторлар мен дәріханалардың үстеме бағасынан бастап барлық дәрі-дәрмектерге бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілді.

«Халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7 бабына сәйкес шекті бағаларды қалыптастыру және бекіту денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіреді.

Осылайша, жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде сатып алу үшін, сондай-ақ бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың шекті бағалары бекітіліп, олар әрбір жарты жыл сайын қайта қаралады. Бұл шара дәрілердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған.

2022 жылға арналған Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК және МӘМС аясында сатып алу үшін дәрі-дәрмектерге шекті бағалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-96 бұйрығымен реттеледі.

Осылайша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға баға белгілеу саясаты Бірыңғай дистрибьютордың құзыретіне кірмейді.

Анықтамалық:

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 48 қаулысымен "СҚ-Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьютор болып анықталды және өз қызметін ҚР Үкіметінің 30% қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын басшылыққа ала отырып, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 247-бабына сәйкес жүзеге асырады. 2009 жылғы қазандағы №1729 бұйрығы және ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №47 қаулысымен бекітілген.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"