Жаңалықтар
27.09.2023

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖАПОНИЯ ҮКІМЕТІМЕН КЕЛІСІМ БОЙЫНША ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРДЫ

26 қыркүйекте академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында компьютерлік томография кабинетінің ашылуы өтті. Рәсімге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джун Ямада қатысты.

Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында компьютерлік томография кабинетінің ашылуы – Жапония Үкіметінің грант бөлу туралы Келісімді жүзеге асырудың бір бөлігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, оператор қызметін атқаратын «СҚ-Фармация» ЖШС-не Келісімді іске асыру жауапкершілігі жүктелді.

Естеріңізге сала кетейік, Жапония Үкіметі 2021 жылғы наурызда екі елдің үкіметтері арасында қол қойылған ноталар алмасу нысанындағы Келісімге сәйкес Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасына грант бөлді.

Ал 2021 жылғы мамырда жапондық компаниялардан медициналық техниканы сатып алу рәсімдерін жүзеге асыратын және мәмілені сүйемелдеуді қамтамасыз ететін жапондық «Crown Agents Japan Limited» компаниясымен Агенттік келісім жасалды.

Сонымен қатар, Келісімді іске асыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Бірыңғай дистрибьютордың, сондай-ақ Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі мен жапондық Crown Agents Japan Ltd компаниясы өкілдерінің қатысуымен Консультативтік комитеттің отырыстары өткізілді. Сондай-ақ грант бөлу туралы Келісімді іске асыру үшін заңды және қаржылық мәселелер пысықталды.

Келісім шарттарына сәйкес грант үш сәулелік диагностика үшін медициналық техниканы сатып алуға арналған, атап айтқанда, екі компьютерлік томограф және ангиограф.

Орталықта Fujifilm Superia өндірісінің компьютерлік томографы орнатылған. Ол КТ-зерттеулерінің кең ауқымына арналған: бас, кеуде, іш, инсульт, өкпе тінінің патологиясы бар науқастарды зерттеуде қолданылады. Автоматтандырылған процестер жылдам және сапалы нәтиже береді. Маңыздысы – аппарат бойы биік адамдарды сканерлеу диапазоны бар салмағы 160 кг-ға дейінгі пациенттер үшін жарамды.

Академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында компьютерлік томографияда зерттеулер ТМККК және МӘМС шеңберінде өткізіледі. Жеткізілген жабдық клиниканың жұмысын іске асыру үшін үш негізгі бағыт бойынша қолданылатын болады: ғылыми-зерттеу, емдеу және білім беру.

Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығынан басқа, екінші компьютерлік томограф Қарағандыдағы №1 Көпсалалы ауруханасында жұмыс істейді, ал Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы үшін ангиограф сатып алынды.

Ұлт денсаулығы мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі – мемлекеттің негізгі басымдықтары. Денсаулық сақтау жүйесінің толық трансформациясын медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен қамтамасыз ету жүйесін қайта жүктеместен қарастыруға болмайды.

Қазіргі заманда инновациялық жоғары технологиялық медициналық жабдық – тиімді заманауи медицинаның кілті. Ең жаңа технологияларды енгізу аурудың дамуын ерте анықтауға және кейбір жағдайларда аурудың алдын алуға мүмкіндік берді.

Жаңа Қазақстан – елдің әл-ауқатын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерден түбегейлі ерекшеленетін жақын болашақта алдымызға қойылған сапалы басқа бағдар. Бұл бағыт медициналық техника саласындағы философия мен тәсілдерді өзгертуді талап етеді.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще