Жаңалықтар
07.10.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ TOYOTA TSUSHO КОРПОРАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор жапондық ең ірі Toyota Tsusho Corporationкомпаниясының өкілдігімен кездесу өткізді. Шетелдік компанияны Өкілдік басшысы Хидеки Нагасе және оның көмекшісі Дана Ерменова таныстырды.

Кездесудің негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласындағы және вакциналарды тасымалдау кезінде «салқындату тізбегін» құруда ынтымақтастықтың қырларын талқылау, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған Кайдзен әдістемесі мен тренингтерді қолдана отырып, медициналық ұйымдарды басқаруда консалтинг салаларында қызмет көрсету болды.

Toyota Tsusho Corporation корпорациясының өкілдері компанияның негізгі қызмет түрлерімен таныстырды. Өз презентациясында Хидеки Нагасе медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары клиникалық сапасын тиісті қамтамасыз ету пациентке бағытталған тәсілдің негізі болып табылатынын ерекше атап өтті. Кездесуде сондай-ақ компанияның мемлекеттік жеке әріптестік жолымен қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қатысуы және халықаралық құрылыс индустриясы (EPC – келісімшарт) практикасы бойынша кешенді құрылыс жобаларын іске асыру мүмкіндігі талқыланды.

Жапондық компанияның өкілі коронавирусқа қарсы вакциналарды тасымалдауға арналған Land Cruiser 78 арнайы нұсқасының тұсаукесерін ұсынды. Бұл Toyota Tsusho Corporation бөлімшесінің және Люксембургтегі B Medical Systems компаниясының қатысуымен жасалған, 16 сағатқа дейін офлайн режимінде жұмыс істей алатын көлемді тоңазытқышпен жабдықталған жол талғамайтын көлік. Бұл автокөлік вакциналардың барлық түрлерін, олардың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Өздеріңіз білетіндей, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір негізгі талаптарды сақтау қажет. Вакциналар ыстыққа немесе аязға өте сезімтал, сондықтан оларды өндірістен бастап әр вакцинация пунктіне дейін белгілі бір температурада тасымалдау және сақтау керек. Вакциналарды тасымалдау «салқындату тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі.

«Салқындату тізбек» туралы айта отырып, тасымалдау кезеңдерінің әрқайсысында температура режимін қатаң сақтау қамтамасыз етілгені атап өтілді. Салқындату тізбек – бұл тұрақты температураны және оның қозғалысының бүкіл тізбегінде өндірістен тұтынушыға дейін тауарды тиісінше дұрыс ұстау үшін қажетті басқа параметрлерді қамтамасыз ететін логистикалық шаралар кешені.

Бұл процесс салқындату тізбекті сақтай отырып, соңғы тұтынушыға вакциналардың қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл әр қаптаманы тасымалдау кезінде орналасқан жері мен тиесілігін және температура режимін бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, салқындату тізбектің ажырамас бөлігі оны цифрландыру болып табылады. Бүгінгі күні салқындату тізбекті цифрландыру бұл вакциналарды тасымалдау, сақтау және қолдану жүйесі мен механизмдеріндегі маңызды өзгеріс болып табылады. Бұл өз кезегінде вакцина қозғалысының айқын тізбегін, нақты уақыттағы деректерді басқаруды, тасымалдау мен сақтаудың бұзылуын болдырмауды және қалдықтарды басқаруды қамтамасыз етеді. Кодты қолдану арқылы жапсыру Бірыңғай дистрибьютор хабынан бастап денсаулық сақтау басқармаларының қоймалары мен вакцинация пункттеріне дейінгі бүкіл тізбекті бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, тегін және сақтандыру медициналық көмегі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің уақтылығы мен үздіксіздігі бұл Бірыңғай дистрибьютордың негізгі стратегиялық міндеті.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев өз кезегінде екіжақты ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіріп, қонақтарға сапарлары үшін алғысын білдірді.

 

Анықтама:

Toyota Tsusho Corporation — Жапониядағы және әлемдегі ең ірі сауда компанияларының бірі, оның құрамына 700-ге жуық компания кіреді, ал тағы 230 аффилиирленген. Клиенттермен үздіксіз жұмысты әлемнің 90 елінің 150-ден астам қаласында орналасқан TTC кеңселері қамтамасыз етеді. Токио мен Нагояда орналасқан Toyota Tsusho Corporation бас кеңселерінде 3700 адам жұмыс істейді, тағы 45000-ға жуық адам еншілес ұйымдарда жұмыс істейді.

Дереккөз: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще