Жаңалықтар
28.07.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАДЫ

28 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС бастамасымен мемлекет жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында компания ұжымы үшін «Әкімшілік тәжірибе – сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманыД.И.Райымбаев өткізді.

Өз баяндамасында спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әкімшілік тәжірибе жөнінде құзыреті туралы айтып берді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері орын алған 15 бап бар.

«СҚ-Фармация» ЖШС қызметкерлеріне әкімшілік ықпал ету шаралары бойынша негізгі ережелер түсіндірілді. Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі әрбір баптың диспозициясын, анықтау тәртібі мен жазалау шараларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жасалған әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі шынайы тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Агенттік өкілі қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, семинарды қорытындылай келе, «СҚ-Фармация» ЖШС-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша барлық заманауи және қажетті шаралар кешені қарастырылған. Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Аталмыш шараларды сақтауда «СҚ-Фармация» ЖШС-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тығыз өзара іс-қимыл жасасады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді, сондай-ақ оны алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще