7 маусымда – Бірыңғай дистрибьютор «Химфарм» АҚ Бас директоры Урбанец Ижи, «Химфарм» АҚ HR және PR жөніндегі директоры Артем Бадагов пен госпитальдық бизнес және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директор Айгүл Исенованың қатысуымен кездесу өткізіп, онда оффтейк-келісімшарттарды ұзарту, олардың артықшылықтары, өлшемшарттары, сондай-ақ R&D орталықтары типі бойынша кластерлер құру мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор мен «Химфарм» АҚ-ы арасында дәрілік заттардың 210 атауын жеткізуге 8 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша дәрілік заттарды жеткізу 2014 жылдан бастап жүзеге асырылады.
Айта кетейік, ұзақ мерзімді жеткізу шарттары аясында Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу динамикасы «Химфарм» АҚ-нан сатып алу үлесінің жыл сайын артып отырғанын көрсетеді.
SANTO Member of Polpharma Group сауда маркасымен «Химфарм» АҚ-ы Қазақстандағы ірі фармацевтикалық компания, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі болып табылады. SANTO фармацевтикалық зауытының тарихы 135 жылдан асады.
Қазақстандық фармацевтикалық компаниялар арасында «Химфарм» АҚ-ы – құндық мәнде нарық көшбасшысы болып табылады.
Кездесудің негізгі мәселелерінің бірі – қазақстандық фармөнеркәсібін қолдаудың және дамытудың тиімді құралы болып табылатын қолданыстағы оффтейк-келісімшарттарды ұзарту болды.
Бүгінде, Қазақстан отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға үлкен көңіл бөледі. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін отандық өндірістің үлесін фармацевтикалық нарықтағы 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды.
Әрине, ұзақ мерзімді шарттар – жергілікті тауар өндірушілерді дамыту үшін ынталандыру құралы болып табылады, сондай-ақ ол Президент белгілеген мақсатқа қол жеткізуді де қамтамасыз етеді.
Барлық ОТӨ үшін өзекті тақырыпты талқылаудың нәтижесі жеткізу мерзімінің ұзақтығын анықтау критерийлерін әзірлеу қажеттілігі туралы бірыңғай түсінік және тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін отандық фармацевтикалық нарыққа тиісті талдау жүргізу болды.
Халықты қолжетімді және сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық кластерлерді құру және қайта жүктеу жөніндегі бастаманы пысықтады. Фармацевтикалық кластерлердің міндеті – фармацевтикалық саланы дамыту проблемаларын шешуге ықпал ету болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Бірыңғай дистрибьютор Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында R&D орталықтары типі бойынша өңірде фармацевтикалық кластер құру мәселелері бойынша Шымкент қаласының әкімдігімен кеңес өткізді.
Кеңеске қатысушыларға фармкластерлерді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау құралдары ұсынылды. Тараптар мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес қойылған міндеттер бойынша бірлесіп жұмыс істеп, тандемде дамуы тиіс екенін атап өтті.
Өткізілген дөңгелек үстел нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор қымбат тұратын инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірледі.
Сондай-ақ, осы жұмыс сапар аясында өндірістік алаңды тексеру, дәрілік заттар мен медициналық техниканың өндірілетін номенклатурасымен танысу, оқшаулау мүмкіндігі мәселелерін талқылау үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері «Химфарм» АҚ-ның өндірістік алаңына барды.
Құрамында медициналық мамандықтардан басқа фармация факультеті жұмыс істейтін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында клиникалық медицина, теориялық және эксперименттік медицина бойынша зерттеулер жүргізіледі.
2021 жылы 23 жаңа өнім әзірленіп, 3 өнім жаңартылды, 5 жаңа әдістеме валидацияланған компания құрамында Santo R&D-орталығы болғандықтан, ғылыми-өндірістік орталықты (R&D) «Химфарм» АҚ-ы базасында орналастыру ұсынылады. Осы өндірістік алаңда меншікті R&D болуы функцияларды біріктіру үшін негіз болды: кластер құрамындағы зерттеулер мен өндіріс.
Ғылыми-өндірістік орталықтың клиникалық базасы (R&D) – орналасуы екі ірі қалалық стационардың базасында ұсынылады: «Шымкент қалалық №2 көпбейінді ауруханасы» және жалпы төсек қуаты 500-ден астам орны бар «Қалалық кардиологиялық орталық».
Осылайша, Қазақстанда кластерлік бастаманы дамыту – тиімді медицина моделін іске асырудың қуатты құралдарының бірі және оның мақсаты – елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін емдеу тиімділігін арттыру және Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Саланы дамытудың неғұрлым тиімді көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, тараптар отандық бірегей дәрі-дәрмектер өндірісінің көлемін ұлғайту фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы ғылымның, өндіріс пен білімнің тығыз интеграциясын талап ететінін атап өтті.
Анықтамалық:
«Химфарм» АҚ (SANTO Member of Polpharma Group сауда маркасы) – орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания қолжетімді жоғары сапалы дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді.
SANTO компаниясы терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтардағы 240-тан астам генерикалық препараттар портфелімен Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады.
Қазіргі уақытта Компания жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндірістерді GMP халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша аса ірі инвестициялық жобаны іске асыруда, оның көлемі шамамен 108 млн АҚШ долларын құрайды.
Santo зауытын 1882 жылы көпестер Иванов пен Савенков құрған және бұтағы Шымкент қаласының елтаңбасында бейнеленген цитварлы жусан негізінде "Сантонин" препаратын шығарған.