Жаңалықтар
09.09.2022

СК-ФАРМАЦИЯДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТАНДЫҚ ДЕРБЕС ТЕЛЕМЕТРИЯ АППАРАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін, 9 қыркүйекте,Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық телеметрия жүйесінің әзірлеушісі және өндірушісі болып табылатын «Сапа ТелеМед» телемедицина орталығының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында компанияның негізін қалаушы және директоры Кульжиян Уразалинова атап өткендей, ЭКГ телеметриясы – Электрондық денсаулық паспорты үшін медициналық деректерді электрондық түрде жедел жинауды қамтамасыз ететін заманауи телемедициналық технология.

Талқылау барысында ЭКГ телеметриясының жұмыс жүйесі таныстырылды. Bluetooth немесе USB кабелі арқылы телеметриялық электрокардиографқа түсірілген электрокардиограмма (ЭКГ) лезде онлайн Жүйесінде ЭКГ телеметрия бағдарламасына түседі.

Өз кезегінде, жүйе автоматты түрде ЭКГ параметрлерін, автодиагностиканы береді, оны қолдана отырып, дәрігер ЭКГ қорытындысын жасайды. ЭКГ графигі, сандары, ЭКГ қорытындысы бар PDF файл түріндегі ЭКГ зерттеу нәтижесі дәрігердің аты-жөнімен қолмен терусіз автоматты түрде пациенттердің Электрондық денсаулық паспортына түседі.

Сондай-ақ, ЭКГ Телеметриясы дұрыс диагнозды тез арада жасауға, аурудың ерте даму кезеңінде емді уақтылы бастауға, пациенттің үйден ЭКГ қашықтықтан мониторингін жүзеге асыруға, ЭКГ кабинеттеріндегі кезектерді азайтуға, пациенттерге күтім көрсету деңгейін арттыруға, олардың денсаулығы мен өмірін сақтауға мүмкіндік беретініне көп көңіл бөлінді.

Бір қызығы, пациент ЭКГ-ны емдеуші дәрігерге өзі үйінен бере алады және онлайн нәтиже ала алады, өйткені телеметрия қызметі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

Инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, бірегей дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды оқшаулау бағытында алға жылжыту бүгінде сала үшін маңызды мәнге ие.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық үшін бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігін атап өтті, бүгінгі диалог міндетті түрде жалғасатынына және өзара тиімді нәтижелер әкелетініне сенім білдірді.

Анықтама:

«Сапа» телемедицина орталығы» ЖШС – дербес медициналық деректердің қазақстандық телеметрия жүйесінің отандық әзірлеушісі және өндірушісі (ЭКГ, ҚҚ, қандағы қант, оксигенация, пульс, дене температурасы, спирография, ХҚҚ және т.б.).

2016 жылғы желтоқсаннан бастап интернет-телеметрия функциясы бар 12 арналы электрокардиографтар еліміздің 14 өңірінде өндіріледі және мемлекеттік тендерлер бойынша сатылады. «Қазақтелеком» АҚ-да «бұлтты» сервері бар KZM Телекардиографы. Стационарлық үлгідегі жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарда, АМСЖ, жедел жәрдемде телекардиографтар жұмыс істейді.

ЭКГ телеметрия жүйесі ЭКГ-ны қашықтықтан беру және декодтау үшін бағдарламалық-аппараттық кешен ретінде патенттелген.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще