Жаңалықтар
26.10.2022

ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

2022 жылғы 26 қазанда Астана қаласында 18-ші Қазақстандық халықаралық көрме – Astana Zdorovie 2022 аясында Iteca Қазақстандық көрме компаниясының қолдауымен «GLOBAL PHARM» ІІ халықаралық фармацевтикалық форумы өтті.

Форумды ҚР Үкіметі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-нің қолдауымен «SILKWAY INNOVATION» (E-Forum.net жобасы) құрамына кіретін «Silk Way development Fund» қоғамдық қоры Quality Business Partners-пен серіктесе отырып ұйымдастыруда.

Форумға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қоғамдық медициналық ұйымдар мен қоғамдастықтардың, халықаралық фармацевтикалық компаниялардың, ҚР және ТМД-ның басқа да елдерінің отандық фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы және заманауи медициналық техникамен қамтамасыз етуге және отандық өндірісті дамыту саласында сындарлы өзара іс-қимылды жолға қоюға ықпал ету.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгінгі таңда фармацевтика саласының динамикасына және әлемдік фармацевтика саласының негізгі трендтеріне тезірек бейімделу қажеттілігіне әсер ететін бұрын-соңды болмаған өзгерістердің маңыздылығы туралы айтты.

Форум аудиториясында фармацевтика мәселелері бойынша халықаралық сарапшы-практиктер, әлемдік ғалымдар мен практик дәрігерлер, медициналық өнімдердің ірі өндірушілері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, көптеген елдердің қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер болды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды және технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 2025 жылы қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

Осы тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын бекіту, «Қазақстанның отандық фармацевтика өнеркәсібі» бағыттарының бірі болып табылатын 2021-2025 жылдарға арналған «САЛАУАТТЫ ҰЛТ» ұлттық жобасын әзірлеу сияқты жүйелі шаралар қабылдауда.

Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Roche, Тakeda, Johnson&Johnson және Abdi Ibrahim Global Pharm сияқты әлемдік өндіруші – шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, AstraZeneca, Novartis, Nobel, Polpharma және Bayer компанияларының өкілдері онлайн режимінде қатыса алды.

Спикерлер қазақстандық фармацевтикалық нарықтың ағымдағы жағдайын және елдегі инвестициялық нарықтарды, сондай-ақ саланың даму келешегін талқылады. Әлемдік ойыншылар өз кезегінде сараптамалық ұсыныстарын берді.

Форумның стратегиялық сессиясы «Дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы мемлекеттік саясат. Фармацевтикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дәрі-дәрмекке қол жетімділікті қолдау тетіктері» өзекті тақырыбына арналды. Сессияда жаһандық фармацевтикалық нарықтың үрдістері, жаңа экономикалық ақиқаттардың фармацевтика өнеркәсібінің ландшафтына әсер ету мәселелері және денсаулық сақтаудың дамуын болжау тәсілдері талқыланды, сондай-ақ әлемдік трендтер туралы айтылып, сараптамалық пікірлер тыңдалды.

Сонымен қатар, «Салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың негізгі басымдықтары мен жолдары, Қазақстанның мемлекеттік қолдауы мен инвестициялық тартымдылығы, Денсаулық сақтау және медицина кадрларын даярлау жүйесіндегі фармкомпаниялардың рөлі талқыланды. Сессия соңында қатысушылардың назарына фармацевтика өнеркәсібін кластерлеудің халықаралық тәжірибесіне шолу және BigPharma-ны әлемдік нарықтарда оқшаулау мәселелері ұсынылды.

Форумның бизнес-сессиясы отандық фармацевтика саласын дамыту перспективаларына және олардың кедергілері мен сын-тегеуріндеріне арналды, онда қатысушылар жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстанның экспорттық әлеуетін, ЕАЭО ережелеріне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын белгілеу мен тіркеуді, GPD/GMP ұлттық инспекторатын дамытуды талқылады.

Сондай-ақ, форум барысында созылмалы жұқпалы ауруларды басқару, науқастардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі, дербестендірілген медицинаны дамыту, Қазақстанның клиникалық зерттеулердегі әлеуетін дамыту, сондай-ақ балалар денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері, атап айтқанда иммундау және орфандық аурулар мәселелері сөз болған тақырыптық сессиялар өтті. Қорытынды тақырыптық сессия «Digital Healthcare» тақырыбына арналды.

«GLOBAL PHARM» II Халықаралық фармацевтикалық форумы – фармацевтика индустриясындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. Форум екі жақты келіссөздер үшін көптеген алаңдар ашады және фармацевтика саласының ірі компанияларымен, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен B2B және G2B кездесулерді қамтиды. Осылайша, форумда G2B, В2В форматында екі жақты бизнес-кездесулер өтіп, бұл тиімді жеке келіссөздер жүргізуге бірегей мүмкіндік берді.

Биыл форумға әлемнің 10-нан астам елінен 200-ге жуық делегат келіп, тағы 1,2 мың адам онлайн желіге қосылды. Қатысушылар 60-тан астам түрлі компаниялардың атынан қатысты. Форумның негізгі демеушілерінің бірі - «РОШ Қазақстан» ЖШС-і, «TAKEDA Қазақстан» ЖШС-і, Қазақстан Республикасындағы «Джонсон энд Джонсон» ЖШС филиалы, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-і.

 

 

Анықтамалық:

E-FORUM.NET – бұл бизнес-коммуникацияларды кешенді ұйымдастыруға арналған қызметтердің агрегаторы. Іс-шаралар плакаттары, бейне конференциялар, қатысушылардың қарым-қатынасы, интерактивті көрмелер мен іс-шараларды ұйымдастыру қызметтері бір платформада біріктірілген.

 Iteca қазақстандық көрме компаниясы  - Қазақстан нарығында 25 жылдан астам жұмыс істейді және жыл сайын халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық көрмелер мен конференциялар өткізеді. Компания ұйымдастырған ЭКСПО-шаралар Алматы, Атырау, Астана, Шымкент қалаларында өткізіледі және бүкіл Орталық Азия өңірінің бизнес-аудиториясын жинайды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще