Жаңалықтар
20.10.2022

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ GL RAPHA КОМПАНИЯСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДІ ЖОСПАРЛАУДА

20 қазанда,Бірыңғай дистрибьютор базасында Оңтүстік кореяның GL Raphaкомпаниясының және отандық «Dolce Pharm» ЖШС компаниясының өкілдерімен фармацевтика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге GL Rapha Co.Ltd. компаниясының тарапынан жобалар департаментінің директоры Young-Ha (Kevin) Jung және қоғаммен байланыс департаментінің менеджері Kim Ki Young қатысты. Қазақстан тарапынан «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалық менеджері Динара Исабекова, «Dolce Pharm» ЖШС-нің құрылтайшысы Елена Ли және стратегиялық даму қызметінің басшысы Ермек Бисенбаев қатысты.

Оңтүстік Корея тарапы ұзақ мерзімді шарттар жасасу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті жергіліктендіру мәселелерін талқылауға мүдделілік білдірді және өндірілетін өнім желісі бойынша ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, компания дәрілік заттар импортының жоғары құнын өтеу мақсатында биофабрика құрылысын және технологиялар трансферін ұсынды. Айта кету керек, жаңа зауыттың ашылуы ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін беріп, екі ел өндірушілерінің инновациялық препараттарды терең жергіліктендіруге дайындығын көрсетер еді.

Бұдан басқа, ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық мамандарды заманауи технологияларға оқыту жөніндегі бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

GL Rapha Co.Ltd. компаниясы фармацевтикалық технологияның әртүрлі түрлерін жетілдіреді, әсіресе рекомбинантты ақуыздар, синтетикалық пептидтер және DDS bio similar сияқты биофармацевтикалық препараттарға назар аударады. Компания рекомбинантты ген технологиясын пайдалана отырып, Peg-IFN alpha, EPO, hGH және т.б. сияқты биосимилярлы өнімдерді сәтті коммерцияландырды, сондай-ақ DDS технологиясын пайдалана отырып, PEG-EPO, PEG-GCSF, mAbs және пептидтік препараттарды дайындады.

Өз кезегінде, Бірыңғай дистрибьютор кеңеске қатысушыларды Қазақстандағы қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы хабардар етті. Сондай-ақ фармацевтика саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер және бірегей препараттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бастамалары жарияланды.

Талқылау барысында Қазақстанда зауыт құрылысы кезеңінде Кореяда келісімшарттық өндіріс бойынша өндірілген ұзақ мерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, жоспарлау тетіктерін пайдалану үшін мүмкіндіктер және Қазақстанға дәрілік заттарды жеткізуге арнайы рұқсат беру мүмкіндігі айтылды.

Қымбат тұратын инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, технологиялар трансферті, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында саланы ілгерілету бүгінде қазақстандық фарминдустрия үшін түйінді мәнге ие.

Қазақстанның фармацевтика саласына шетелдік инвесторларды тарту үшін Бірыңғай дистрибьютор мен Kazakh Investарасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Әлемдік фарминдустриямен жемісті өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан аумағында танылған брендтерден инновациялық фармацевтикалық өнім өндірісін жергіліктендірудің тиімді жолдарын іздеу мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Kazakh Invest қолдауымен дөңгелек үстелдер мен вебинарлар сериясын өткізді.

Осы жылдың маусым айында Бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен Қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары өтті, оның шеңберінде дөңгелек үстел өткізіліп, Қазақстанда медициналық өнімдер өндірісін жергіліктендіру бойынша 5 Меморандумға қол қойылды. Бірыңғай дистрибьютор кореялық компаниялармен тығыз жұмыс істейді және бірқатар келіссөздер жүргізді. Жұмыс сапары барлық алдыңғы келісімдердің практикалық жалғасы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің алаңдарында Кореялық өндіріс технологияларын трансферттеу, оларды Қазақстан Республикасының аумағында терең жергіліктендіру, сондай-ақ жаңа препараттарды әзірлеу және R&D орталықтарын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтау қажеттігі туралы келісті. Тараптар бүгінгі диалог міндетті түрде жалғасатынына және өзара тиімді нәтижелер әкелетініне сенім білдірді.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще