7 маусымда Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев «Polpharma Group» дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық заттардың ірі поляк өндірушісімен және Орталық Азия елдеріндегі SANTO сауда белгісімен «Химфарм» АҚ-ы дәрілік заттардың өндірушісімен кездесті.
Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының және ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің өкілдері де белсенді қатысты.
Тараптар күн тәртібінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен отандық фармацевтиканы дамытудың бірқатар мәселелерін, оның ішінде пациенттердің жергілікті өндірістің аса маңызды дәрілеріне қолжетімділігін, келісімшарттық өндірісті, Орталық Азиядағы экспорттық нарықтарды және таңбалауды енгізу мәселелерін талқылады.
Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор мен «Химфарм» АҚ-ы арасында дәрілік заттардың 186 атауын жеткізуге 9 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Статистика «Химфарм» АҚ-нан сатып алу үлесінің жыл сайынғы ұлғаюын көрсетеді.
2011 жылдың қыркүйегінде «Polpharma Group» SANTO сауда маркасымен «Химфарм» АҚ-ы отандық өндірушісінің акционері болды. Акционердің инвестициялары тиісті өндірістік практиканың (GMP) халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңа өндірістік қуаттарды салуға және қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғыртуға бағытталған.
«SANTO Member of Polpharma Group» – Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық компания, ол Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі болып табылады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, инвесторларды тарту, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету, отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейту қажеттігін атап өтті.
Тапсырманы орындау үшін кездесу барысында отандық дәрі-дәрмектердің экспортын ілгерілету үшін Сауда үйін құру, сондай-ақ жаңа отандық дәрі-дәрмектерді зерттеу мен әзірлеуге гранттар бөлу ұсынылды. Нәтижесінде, бұл бүкіл елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өз өндірісін күшейтуге ықпал етеді.
Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібін қолдау мен дамытудың тиімді құралы болып табылатын Бірыңғай дистрибьютормен қолданыстағы ұзақ мерзімді келісімшарттарды ұзарту талқылаудың жеке тақырыбы болды.
Ашық және сындарлы диалогтың нәтижесі – жеткізу мерзімдерінің ұзақтығын айқындау критерийлерін әзірлеу қажеттілігі туралы бірыңғай түсінік және тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін отандық фармацевтикалық нарыққа тиісті талдау жүргізу болды.
Еліміздің ғылыми әлеуеті де назардан тыс қалған жоқ. «Polpharma Group» кластер мен ғылыми-зерттеу секторының инновациялық әлеуетін дамытуға инвестиция салуға дайын екендігін білдірді. Бұл бағытта SANTO компаниясының R&D орталығы маңызды рөл атқарады, ол функцияларды біріктіруге негіз болды: кластер құрамындағы зерттеулер мен өндіріс.
Айта кету керек, «Химфарм» АҚ-ы өндірістік алаңы Шымкентте орналасқан, онда еліміздегі медициналық-фармацевтикалық кластерлердің бірі құрылған. Олардың басты міндеті – ғылыми зерттеулер жүргізу, импортты алмастыратын дәрі-дәрмектерді құру, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттардың әлеуетін пайдалану, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу.
Халықаралық тәжірибенің нәтижелерін зерделеп, Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда медициналық-фармацевтикалық кластерлер құру бастамасы алға тартып сөз сөйледі.
Медициналық-фармацевтикалық кластер Қазақстанның өндірістік және ғылыми әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерге бастама береді. Сондай-ақ, өңірлік фармацевтика саласына және отандық өнім өндірісіне инвестициялар тарту үшін индустрия кәсіпорындарының барлық қолда бар ресурстарын жинақтай алады.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкентке сапары кезінде медициналық-фармацевтикалық кластерлердің жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет импортқа тәуелділікті азайту, ұлттық және дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлемдегі геосаяси өзгерістер жағдайында дәрілік заттардың жергілікті өндірісін дамытуға ықпал ететін жобаларға стратегиялық рөл беретінін атап өтті.
Кездесу соңында саланы дамытудың неғұрлым тиімді көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі атап өтілді.
Анықтамалық:
«Химфарм» АҚ-ы (Santo Member of Polpharma Group сауда маркасы) – орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жоғары сапалы қолжетімді дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және жеткізеді.
SANTO терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам жалпы препараттар портфелі бар Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады.
Қазіргі уақытта Компания GMP халықаралық стандарттарына сәйкес қолданыстағы фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша ең ірі инвестициялық жобаны іске асыруда, оның көлемі шамамен 108 млн АҚШ долларын құрайды.