Жаңалықтар
29.05.2023

ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ЕЛДІҢ ДӘРІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

29 мамырда Астанада «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ ұйымдастыруымен «Пандемия сабақтары: Қазақстанның тәжірибесі» халықарлық форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – COVID-19 коронавирустық инфекцияларының мысалында пандемиялық қауіпті кешенді еңсеру  бойынша шаралардың институционалдық жадын сақтау,  пандемия кезеңінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік және өзге де органдар мен ғылыми ұйымдардың тиімді қызметін дәріптеу болып табылады.

Бағдарламада бірқатар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдері қатысатыны мәлімделген.

Форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова сөз сөйледі.

Іс-шара барысында спикерлер мен қатысушылар Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күрестегі тәжірибесін, биологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу мен болжаудағы тетіктері мен стратегияларын, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы жаңа дәрі-дәрмектер мен құралдарды әзірлеу жөніндегі озық технологияларды талқылады.

Шараның алғашқы спикерлерінің бірі – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан Республикасында қабылданған COVID-19-ға әрекет ету шаралары. Пандемия сабақтары» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Дүниежүзілік пандемия – кез келген жағдайда, ең бастысы, бұл жедел әрекет ету және нақты шаралар қабылдау екенін көрсетті. Мысалы, эпидемия басталған кезден бастап Денсаулық сақтау министрлігі жанынан және облыстардың Алматы, Астана, Шымкент қалалары әкімдіктерінің жанынан коронавирустық инфекцияға қарсы әрекет бойынша медициналық ұйымдардың жұмысын күнделікті үйлестіріп отырған республикалық және жедел штабтар құрылды.

Бұдан басқа, пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап Қазақстанда ведомствоаралық комиссия құрылды, онда халықтың денсаулығын COVID-19-дан қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайту, дәрілік заттарды, иммунобиологиялық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, жеке қорғану құралдарын сатып алу, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып шектеу шараларын күшейту және әлсірету мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.

Іс-шараның спикері ретінде «Пандемия қорытындылары: Елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өндірісін қалыптастыру» баяндамасымен Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев те қатысты.

Бірыңғай дистрибьютор барлық ел үшін тегін дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша оператор ретінде Казақстандағы пандемия кезінде маңызды рөл атқарды. Халықты қажет дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете отырып, жұмысты жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.

Пандемияның басты сабағы – республикада дәрілік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін өз өндірісімізді қалыптастыру болды. Бұл туралы Мемлекет Басшысы ішкі нарықта отандық өндірістің дәрі-дәрмек үлесін 2025 жылға қарай 50% дейін ұлғайтуды тапсыра отырып ерекше атап өтті.

Фармацевтика саласын қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде қарастырылған. Бүгінгі таңда 36 отандық тауар өндірушілер мен Бірыңғай дистрибьютор арасында 4,6 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге жасалған осындай 99 ұзақ мерзімді шарт қолданыста бар.

Сондай ақ, бірегей дәрі-дәрмектерді оқшаулау, R&D орталықтарын құру және инновациялық дәрі-дәрмектерге келісімшарттар жасау отандық өндіріс үлесін ұлғайтудың тиімді құралдары болып табылады. Бұндай жағдайда қазақстандық нарыққа  BigPharma әлемдік ойыншыларын тарту орынды.

Бірыңғай дистрибьютор ірі әлемдік өндірушілермен оқшаулау/келісімшарттық өндіріс мәселелерін пысықтауды белсенді жүргізуде. CanonPhilipsGeneral ElectricSamsung MedisonMindray және басқа да компаниялар өндірісті оқшаулауға қызығушылығын білдіріп үлгерді.

Соңғы екі жылда Roche Holding және ҚР ДСМ,  Novo Nordisk және ҚР ДСМ,  Pfizer және «Kazakh Invest» ҰК АҚ, AstraZeneca UK limited және ҚР ДСМ, оңтүстіккореялық және отандық өндіріушілер арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Өз баяндамасы барысында Ерхат Серікұлы елдің кластерлік бастамасының дамуына жеке тоқталды. ҚР ДСМ бұйрығы бойынша медициналық-фармацевтикалық кластерлер өндірістік алаңдар мен медициналық ЖОО шоғырлануына байланысты Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында пайда болады. Қазіргі уақытта жол картасын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бірыңғай дистрибьютордың қойма логистикасы да назардан тыс қалған жоқ. Логистика жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемі 4 тарату ХАБтардан өңірлердің операцияялық қоймаларына тарату жолымен құрылған. ХАБтар үлкен көлемдегі тауарларды қабылдауға және өңірлер үшін 2 айдан 6 айға дейінгі  қажеттілікті сақтауға арналған.

Пандемия кезеңінде жүйенің әлсіз жақтары анықталып, компанияның логистикалық процестерін жаңғырту және дәрі-дәрмек логистикасын жетілдіру жүргізілді. Осылайша, логистика форматы ститистикалықтан серпінді форматқа өзгерді.

Мұндай жаңашылдықтың әсері кезекші топтарды қалыптастыру арқылы қойманың 24/7 режимінде жұмыс істеуі, тауарды ХАБтан өңірлерге Cross-docking қағидаты бойынша бөлу, жоспарлы рейстер санын 1,7 есеге ұлғайту болды, Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету үшін авиакомпаниялармен және авторефрижераторлар ұлғайған жағдайда Kazlogistics одағымен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Форумда COVID-19-бен күресітің қазақстандық моделі, АҚШ-дағы коронавирус: қарсы әрекет шаралары және тұрақтандыру жолдары, пандемия кезінде пациенттерді жүргізуге дәлелді тәсілдерді қолдану тәжірибесі және басқа да бірқатар тақырыптар бойынша барлығы 10 спикер сөз сөйледі.

Барлық сөз сөйлеулерден кейін форум қарары қабылданды және қазіргі жағдайда биологиялық тәуекелдердің алдын алу үшін басым бағыттар айқындалды.

Сондай-ақ, форумда «QazVac жасалу тарихы» фото көрмесі, «QazBioPharm» Холдингінің еншілес ұйымдарының ғылыми қызметінің жетістіктері және іс-шара демеушілерінің бизнес құрылымдары жобаларының көрмесі ұсынылды.

Іс-шара соңында диалог алаңына қатысушылар өз құзыреті шегінде саланы дамыту үшін нақты қадамдар жасауға дайын екендіктерін айтып, мұндай кездесулердің белгілі бір басқарушылық шешімдерді қабылдауда және жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Анықтама:

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру және отандық биофармацевтиканы дамыту қажеттігін атап өтті

Осыған байланысты 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуын ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще