Жаңалықтар
18.03.2022

ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ КЕЛЕШЕГІ ЖӨНІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2022 жылғы 18-20 мамырда Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Денсаулық сақтау» – KIHE халықаралық көрмесі аясында «Отандық фармацевтика саласын дамыту келешегі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел ағымдағы жылдың 26-28 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Global Pharm» II Халықаралық фармацевтикалық форумы мен «MedTech» медициналық техника жөніндегі ІІІ Халықаралық форумы алдындағы аралық іс-шара болды.

Дөңгелек үстелге «Медсервис Плюс» КФК ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Такеда Қазақстан» ЖШС, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Нобел АФФ» АҚ сияқты мемлекеттік құрылымдардың, қауымдастықтардың, отандық тауар өндірушілердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде отандық фармацевтикалық өндірушілерді қолдау және еліміздегі фармацевтикалық саланы дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, фармацевтика нарығының қазіргі жай-күйі мен отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері қозғалды. Әрбір спикер фармацевтикалық нарықтың қазіргі проблемаларын айтып, фармацевтикалық саланы дамытудағы өз рөлін белгіледі, шешу жолдары мен тетіктерін ұсынды.

«Бүгінгі таңда отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту – Мемлекет басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі болып табылады.  2025 жылға қарай фармацевтика саласындағы отандық нарықтың үлесі шамамен 50%-ды құрауы тиіс. Бірыңғай дистрибьютор тарапынан «Made in Kazakhstan» брендін дамыту үшін компанияларға толық қолдау көрсетілетін болады», – деп атап өтті «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.

Айта кету керек, Бірыңғай дистрибьютор өз қызметінде әкімшілік-аумақтық тиесілілігіне қарамастан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын теңестіру әсерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтуды, оның ішінде сатып алу рәсімдерінің тиімділігі есебінен жоспарлы түрде ұлғайтады. Бірыңғай дистрибуция жүйесі құрылған сәттен бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектерді сатып алу көлемі құндық мәнде 10 еседен астам өсті. Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың басым бөлігі – қазақстандық өндірістік өнімдері.

«СҚ-Фармация» ЖШС басты міндеттерінің бірі – дәрілік заттардың бағасын теңестіру және логистиканы жақсарту. Компания бүкіл елге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиімді орталықтандырылған сатып алуды жүргізді, соның арқасында бюджет қаражаты 162,9 млрд теңге мөлшерінде үнемделді. Сондай-ақ, сатып алу көлемі 10 есеге артты. Біздің жұмыс тәжірибемізді Өзбекстан, ішінара Мәскеу Үкіметі және басқа да елдер алды», – деп атап өтті «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.

Отандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының арқасында тиімді инвестициялар үшін зор әлеуетке ие. Бұдан басқа, отандық фармацевтика саласының серпінді дамуының, халықаралық фармацевтика индустриясымен ынтымақтастықтың арқасында жаңа өндірістер құрылуда және фармацевтикалық қызметтің қазіргі объектілері жаңғыртылуда.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар аталған дөңгелек үстел тәжірибе алмасу үшін бірегей алаң болғанына және болашақта бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруда маңызды рөл атқаратынына, сондай-ақ отандық экспорттаушылардың әлеуетін ашуға және қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға жылжытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Дөңгелек үстелдің модераторы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанов Руслан барлығына қатысқандары үшін алғысын білдіріп, шетел нарықтарына отандық дәрі-дәрмектердің экспортталуына үлкен назар аударылатынын айтып, өз сөзін қорытындылады.

Отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер медициналық және фармацевтикалық салаларға арналған жабдықтарды, қызметтер мен технологияларды көрсететін Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласында көрмелер арасында жетекші орын алатын және ірі диалог алаңы болып табылады KIHE көрмесі «Iteca» компаниясы ұйымдастыруымен екі жылдық үзілістен кейін өтіп отыр.

Жыл сайын көрмеге медициналық жабдықтарды, аппараттарды, емханалар мен зертханаларға арналған шығыс материалдарын; түрлі мақсаттағы медициналық бұйымдарды; фармацевтикалық препараттарды өндіруге, буып-түюге және таңбалауға арналған жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілер қатысады.

Биыл шараға әлемнің 13 елінен 200-ден астам компания қатысып отыр. Отандық өндірушілер мен жеткізушілер қатысушылардың 40%-ын, 35%-ын ресейлік компаниялар құрайды. Сонымен қатар, көрмеге Беларусь, Өзбекстан, Австрия, Египет, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Пәкістан және Польша компаниялары қатысуда. Бұл халықаралық және отандық қатысушыларды зерттеу мен тәжірибе алмасудың, өзекті әзірлемелерді ұсынудың, сондай-ақ фармацевтикалық салада бағдарламалар мен даму векторларын құруға құнды үлес қосудың үлкен мүмкіндігі.

 

Анықтамалық:

Қазақстандық халықаралық "Денсаулық сақтау" көрмесі – KIHE 25 жылдан астам уақыт бойы Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады және жыл сайын әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, түрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіреді.

2019 жылы көрмеге 21 елден 233-тен астам компания қатысты, оның ішінде Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Латвия, Литва, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Финляндия, Чех Республикасы, Швейцария, Оңтүстік Корея Корея мен Жапония. Қатысушылар ғылыми және практикалық медицинаның жетістіктерін, фармацевтика саласына арналған жабдықтар мен технологияларды ұсынды.

"Iteca" - қазақстандық көрме компаниясы Қазақстан нарығында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және жыл сайын 30-ға жуық халықаралық деңгейдегі көрмелер мен конференциялар өткізеді. Экспо компаниясы ұйымдастырған іс-шаралар Алматы, Атырау, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларында өткізіліп, бүкіл Орталық Азия өңірінің бизнес-аудиториясын жинайды. Компанияның тақырыптық іс-шаралары экономиканың 22 түрлі секторын қамтиды, олардың ішінде: мұнай және газ, энергетика, тау-кен ісі және металлургия, құрылыс, туризм, көлік және логистика, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, медицина.

Iteca іс-шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының басқа да бейінді министрліктері мен комитеттерінің, облыстық/қалалық әкімдіктердің (әкімшіліктердің) және салалық қауымдастықтардың ресми қолдауымен өтеді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"