Жаңалықтар
15.07.2020

«СҚ-Фармацияға» гуманитарлық жүктерді алу кезінде алдын ала ақпараттандыру моделі енгізілуде

«СҚ-Фармация» қайырымдылық көмек бойынша бірыңғай оператор мәртебесін алғаннан кейін компанияның жаңа командасы алдын ала ақпараттандыру моделін әзірледі, оған сәйкес елге бағытталатын гуманитарлық жүк бойынша барлық құжаттар жөнелтуші - елден ұшақтың ұшуына дейін жолданатын болады.

Алдын ала ақпараттандырудың жаңа моделі нақты уақыт режимінде, жүктің ұшуы кезінде барлық қажетті рұқсат құжаттарын, рұқсат қағазын алуға және келген көмекті жеткізілгеннен кейін бірден жөнелтуді бастауға мүмкіндік береді.

Мұндай тиімді өзара әрекеттесу гуманитарлық көмек алуға және жөнелтуге тартылған барлық құрылымдардың - Сыртқы істер министрлігінің, кеден қызметінің, авиакөлік компанияларының, әуежайлар мен әкімдіктердің толық қолдауымен ғана мүмкін болады. Осы ведомстволардың барлығы гуманитарлық жүкті жедел түрде алу мүмкіндігі үшін процестерді барынша оңтайландыруға жәрдемдесуге дайын.

Қазіргі уақытта ведомстволарда коронавирустық инфекциямен күреске тартылған соңғы тұтынушы – ауруханалардағы медицина қызметкерлері үшін қажет жеке қорғану құралдарын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды жедел түрде алуды қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін жауапты тұлғалардың тізімі қалыптастырылуда.

Осы схеманың арқасында 14 шілдеде түнде Нұр-Сұлтан әуежайына Түркиядан келген гуманитарлық жүк сол күні Бірыңғай дистрибьютор қоймасына түсті.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще