Жаңалықтар
28.10.2021

Медициналық техниканың отандық өндірісін дамыту перспективалары

Бүгін «MedTech» медициналық техника жөніндегі I Халықаралық форум аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен және денсаулық сақтау министрі А. Цойдың қатысуымен бизнес өкілдерімен төрт G2b кездесу өтті.

Кездесуге бизнес тарапынан Philips, RP-Canon, Roche Diagnostics компанияларының өкілдері, сондай-ақ Ақтөберентген отандық компания қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы келісімшарттық өндіріс пен инвестициялардың ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалық бағыттары талқыланды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Осылайша, Roche Diagnostics компаниясымен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде инвестициялық және гранттық жобалар іске асырылатын болады. Компания зерттеу жобаларын жүргізу үшін және гранттар ретінде әдіснамалық қолдау, сондай-ақ қажетті зертханалық жабдықпен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жолымен диагностиканың жаңа әдістерін енгізу бойынша жәрдем көрсетуге дайын.

Атап айтқанда, Roche Diagnostics зертханалық мамандардың біліктілігін арттыру және оқыту үшін зертханалық диагностиканың оқу-инновациялық орталығын ашуға ниетті. Сонымен қатар, компания осы орталықты қажетті зертханалық жабдықтармен жабдықтауға байланысты шығындарды өз мойнына алады. Бастапқы кезеңде орталықты иммундық және биохимиялық анализаторлармен жабдықтау жоспарлануда. Инвестициялардың болжамды сомасы бірінші жылы шамамен 200 мың еуроны құрайды.

Сондай-ақ, COVID-19 ғана емес, сонымен қатар инфекциялы аурулардың кең спектрін анықтауға мүмкіндік беретін инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған автоматтандырылған ПТР-жүйелерімен жабдықтау жоспарлануда. Инвестициялардың болжамды сомасы - 500 мың еуро.

Тағы бір жоба онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған пилоттық зерттеулер болады. Компания адам папилломасы вирусына скрининг жүргізу үшін қажетті жабдықты орнатуды, іске қосуды және мамандарды оқытуды қоса алғанда, тегін ұсынады. Жобаға салынған инвестициялардың болжамды сомасы 200 мың еуроны құрайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Инвестициялық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі атап өтілді.

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще