Бүгін, 2022 жылғы 07 сәуірде Бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері елімізде медициналық жабдықтарды орталықтан сатып алуға көшу бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды. Тапсырманы орындау үшін "СҚ-Фармация" ЖШС базасында медициналық техниканы екі кезеңде орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, 2025 жылға дейінгі медициналық техникамен жарақтандырудың республикалық бағдарламасы бекітілетін болады.
Осының барлығы медициналық техниканы сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықпен жарақтану деңгейін арттыруға, сатып алуды шоғырландыру және техникалық тапсырмаларды біріздендіру есебінен оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету мен кадрларды оқыту сапасы артады, медициналық техника нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі артады.
Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе (БФАЖ) арқылы медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға өтінім беру рәсімі болды. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары үшін медициналық ұйымдардан медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу шеңберінде өтінімдер жинау Модулінің тұсаукесері өткізілді. Модуль Бірыңғай дистрибьютордың өз күшімен әзірленді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу аясында тапсырыс берушілердің техникалық ерекшеліктерін мемлекеттік сараптау ұйымының талдау рәсімі болды. Осы мәселе бойынша ҚР ДСМ «ҰДЗЗО және МБ» ШЖҚ РМК бас директорының медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары Д.А.Войнован баяндама жасады.
Жұмыс тобының мүшелері алдағы бес жылға арналған медициналық техникамен жабдықтаудың өңірлік бағдарламаларын дайындау мәселесін де талқылады. Осы бағдарламалар өңірлердің медициналық ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандырудың ағымдағы жай-күйін талдауға негізделетін болады (жарақтану, тозу деңгейін, өткен жылдардағы медициналық ұйымдардың жарақтандырылуын талдауды ескере отырып), қажеттілікті айқындау негізіне жарақтандырудың ең төменгі стандарттары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың стратегиялық даму жоспарларын ескере отырып, қажеттілік алынатын болады.
Өңірлік жарақтандыру бағдарламаларын дайындау қорытындылары бойынша медициналық техникамен жарақтандырудың 5 жылға арналған республикалық бағдарламасы қалыптастырылатын болады, ол шетелдік және отандық медициналық техника өндірушілерімен өндірісті оқшаулау мәселелерін одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік береді.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Қазақстанда оқшаулауға арналған жабдықтардың кеңестік тізбесі қалыптастырылатын болады, оны Медициналық және сарапшылық қоғамдастық, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдар егжей-тегжейлі пысықтайтын болады.
Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі