Жаңалықтар
06.04.2022

ГЛАРГИН ИНСУЛИНІН САТЫП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Заңнамаға сәйкес, Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды халықаралық патенттелмеген атауы бойынша сатып алады. «Лантус» және «Басалог» - бұл сауда атауы, ал Гларгин инсулині – халықаралық патенттелмеген атауы.

Бұдан басқа, сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға қойылатын талаптардың бірі – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуы болып табылады. Ол өз кезегінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасы, тиімділігі және қаіпсіздігі расталған жағдайда ғана беріледі.

Қазақстан нарығында айналыстағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасына қатысты мәселелер уәкілетті органның және Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының құзыретіне жатқызылып, ДД мен МБ тіркелуін жүзеге асырады, әртүрлі сараптамалардың негізінде нарыққа шығуға рұқсат береді және сәйкестік сертификатымен расталады.

Дженериктер мен биосимилярларды қолдану – көп халықты қамту үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жалпы әлемдік тәжірибе.

2021 жылдан бастап отандық өндірушімен ұзақ мерзімді шарт шеңберінде РинГлар® сауда атауымен Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірісінің биоаналогиялық дәрілік препараты сатып алынады.

Сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы ақпаратты бақылау, талдау және бағалау жүйесі енгізілгенін хабарлаймыз.

Науқастар емделу кезінде жағымсыз реакция немесе дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тиімсіздігі анықталған жағдайда, www.ndda.kz Сараптама орталығының сайтында сары карта-хабарламасын толтыру үшін емдеуші дәрігерге қаралуы тиіс.

Сараптама орталығына келіп түскен барлық карталар терең талдаудан өтеді. Барлық факторларға тексеру жүргізіледі, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың үлгілері алынады және ДЗСҰО мамандандырылған орталықтарында зертханалық сынақтар жүргізіледі. Сараптама қорытындысы бойынша реттеуші орган тіркеу куәлігінің сериясын не болмаса оны толығымен тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Мониторинг барлық өңірлерді қамтиды және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

«Сары карточкалар» тәжірибесі ең алдымен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, дәл осындай кері байланыс құралдары пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді. 

Дәрілік заттарын сараптау ұлттық орталығының деректері бойынш, а 2021 жылы РинГлар® препаратына арналған сары карталардың түскен жоқ.

Соңғы жылдары қалыптасқан жағдай көрсетіп отырғандай, атап айтқанда, COVID-19 пандемиясының дамуы, сондай-ақ әлемдегі геосаяси дағдарыс, елді дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету тек отандық өндіріс болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бүгінде Қазақстанда әлемдік деңгейдегі фармацевтикалық өнімдер өндірісі жолға қойылған, оның ішінде қант диабетімен және басқа да нозологиялармен халықты тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын өнімдер де бар.

 

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"