Жаңалықтар
26.09.2023

ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНЕ ТЕМОЗОЛОМИД ОНКОПРЕПАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Пациенттерді дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету – Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басым бағыт. Бірыңғай дистрибьютор мәселелерді жүйелі әрі жедел пысықтайды және ел халқын үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

Өткен демалыс күндері тікелей келісімшарт аясында Беларустық «Белмедпрепараты» РУК өндірушісінің 100 мг және 250 мг дозалы капсулалардағы Темозоломид дәрі-дәрмегі Қазақстанға келді.

Темозоломид – цитостатикалық ісікке қарсы химиотерапиялық алкилдеу түріндегі дәрі. Фармакологиялық әсері – ісікке қарсы, алкилденетін және иммунодепрессивті.

Келген дәрі-дәрмектер жапсырма рәсімі аяқталған соң кестеге сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберілді. Алдағы күндері тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында қазақстандықтар үшін қолжетімді болады.

Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектердің логистикасын барлық халықаралық стандарттарды сақтай отырып жүзеге асыратын болады. Қазан айында елге Темозоломидтің 100 мг дозада тағы бір партиясы жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қорытындысына сәйкес, «Белмедпрепараттар» шетелдік тауар өндірушісі – Қазақстанда Темозоломидтің жалғыз тіркелген өндірушісі болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"