Дәрі-дәрмектер тұрақты негізде стационарларға, сондай-ақ, халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарға жеткізілуде.
Бұдан басқа, препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар күн сайын жедел тәртіпте сатып алуға және мерзімінен бұрын тиеп-жөнелтуге қосымша өтінімдер жібереді. Дәрі-дәрмектерді тиеп-жөнелту медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша мерзімінен бұрын жүзеге асырылады.
Бірыңғай дистрибьютор медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен уақтылы және қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Халық үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігін кідіріссіз қамтамасыз ету мәселесі ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.
COVID-19-бен КҮРЕС СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОРЛАР ҚҰРУ
Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 жаңа штаммымен сырқаттану жағдайларының өсіп келе жатқан санын ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектердің болуына және медициналық ұйымдардағы қалдыққа мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады. Апта сайынғы негізде ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.
Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор басым тәртіппен елдің медициналық ұйымдарына дәрілік заттарды тиеп жөнелтеді.
Бірыңғай дистрибьютор коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында медициналық ұйымдарға уақтылы және жедел жөнелту үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмек қорларын құру бойынша бірқатар шаралар қабылдады.
Бірінші: медициналық ұйымдарда КВИ емдеуге арналған препараттардың айлық қоры қамтамасыз етілді, бұл-91 позиция. 2020 жылы медициналық ұйымдарға 23,6 млрд. теңге сомасында тиелді. 2021 жылдың басынан бастап медициналық ұйымдарға 25,5 млрд. теңге сомасында тиелді. Жыл басындағы медициналық ұйымдардағы қалдық - 9,1 млрд.теңге.
Екінші: Бірыңғай дистрибьютордың Хабтарында COVID-19 емдеу үшін ДЗ 38 позициясы бойынша 2,31 млрд.тнг сомасына 2 айлық толықтырылатын препараттар қоры қамтамасыз етілді. Осы позициялар бойынша көлем айына 60 мың пациентті емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.
Үшіншісі: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тізбесі 5 атауға кеңейтілді (парацетамол және Ибупрофен ыстық түсіретін препараттары, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран антикоагулянттары). 2021 жылы медициналық ұйымдарға 2,92 млрд. теңге сомасында жеткізілді. 1 млн. пациентті қамтуға арналған (2,4 млрд. теңге игерілді).
Төртінші: интервенция шеңберінде бөлшек сауда желісіне 1,8 млрд.теңге сомасына 26 ДЗ бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды және 10 млн. бетперделер сатып алынды (оның ішінде 0,4 млрд. теңге сомасына 500 мың балалар маскасы). Маскалар өңірлерде шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда бөлшек дәріханалар арқылы сатуға арналған. Бұл қор - Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады.
Бесінші: гуманитарлық көмек шеңберінде 400 мың бір реттік костюм мөлшерінде ЖҚҚ қоры құрылды. Оның ішінде 200 мыңы өңірлер арасында бөлінген, 200 мыңы Бірыңғай дистрибьютордың Хабтарында сақтаулы. Әрбір өңірде ЖҚҚ және КВИ дәрі-дәрмектеріне қажеттілік аурудың өршуіне байланысты, осыған байланысты жедел жеткізу үшін бірыңғай дистрибьютордың Хабтарында қорлар құрылды.
Алтыншы: Бірыңғай дистрибьютор хабтарында гуманитарлық көмек көрсету бойынша "Шеврон" компаниясымен 10 млн. пар мөлшерінде қол қойылған меморандум шеңберінде бір реттік медициналық қолғаптардың қоры қалыптастырылды.
Жетінші: халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялаудың басталуымен бір реттік өздігінен бұзылатын шприцтердің қажетті қоры қалыптастырылады. Осылайша, халықты вакцинациялаумен қамту үшін вакцинаның I және II компоненттерін енгізуді ескере отырып, 27,6 млн. шприцтер сатып алынды.
Covid-19 емдеу үшін құрылған дәрілік заттардың қорлары Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында Бірыңғай дистрибьютордың 4 ірі хабында сақталуда. Дәрі-дәрмектерді хабтардан аймақтарға бөлу Cross-docking қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы (СБК) клиникалық хаттамаларды жетілдіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Сонымен қатар, кестелерге сәйкес 2022 жылға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде пациенттерді қамтамасыз ету үшін препараттарды медициналық ұйымдарға жөнелту басталды.
Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу туралы келісім-шарттар алдын-ала жасалады, ал келесі жылға дәрі-дәрмектер ағымдағы жылы сатып алынады. Осылайша, елдің дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету алдын-ала жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектерді сатып алу кезіндегі маңызды шарттардың бірі жеткізу кестесі болып табылады және желтоқсан айында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектердің болуы қажеттілігі, емханалар мен ауруханаларға жөнелту қаңтар айында басталады.
Бірыңғай дистрибьютор қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды және елде енгізілген төтенше жағдай режимін ескере отырып, елдің барлық медициналық ұйымдарына дәрі-дәрмектерді штаттық режимде үздіксіз жеткізуді жүзеге асыруда.
Тегін және сақтандыру медициналық көмек шеңберінде дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етудің уақтылығы мен үздіксіздігі - бұл Бірыңғай дистрибьютордың негізгі стратегиялық міндеті.
СК-ФАРМАЦИЯ ҚОЙМА ЛОГИСТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ