Жаңалықтар
03.11.2022

БАЛАЛАРҒА МУКОВИСЦИДОЗ НОЗОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША КРЕОН ДӘРІ-ДӘРМЕГІ САТЫП АЛЫНАДЫ

Тегін амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес ХПА-мен дәрі-дермек – Мультиферменттер (панкреатин) екі нозологияда көзделген: кистозды фиброз (Муковисцидоз) және созылмалы панкреатит.

Бірыңғай дистрибьютор пациентке бағдарланған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қағидаттарына сүйене отырып, Муковисцидоз нозологиясы бойынша дәрі-дәрмекті сатып алу аясында сауда атауымен 2023 жылға арналған қажеттілікті жинады.

Осылайша, Муковисцидоз нозологиясы бойынша балаларға арналған Мультиферменттер (панкреатин) дәрі-дәрмегі Креон сауда атауымен сатып алынады. Қазіргі уақытта сатып алу рәсімдері жарияланды (Хабарландыру нөмірі 421600-1).

Сауда атауы Креамед дәрі-дәрмегі тендер қорытындысы бойынша созылмалы панкреатит нозологиясы бойынша веб-портал арқылы сатып алынды (Хабарландыру нөмірі 417460-1).

Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу Үкіметтің №375 қаулысымен бекітілген сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен регламенттелген.

 Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тізбесі ҚР ДСМ №ҚРДСМ-88 бұйрығымен бекітіліп, онда дәрілік заттардың сипаттамалары, халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) және олардың шекті бағалары қамтылған.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще