Жаңалықтар
12.09.2023

ДИАЗЕПАМ ДӘРІ-ДӘРМЕГІ САТЫП АЛЫНДЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

«Диазепам» дәрі-дәрмегі 2023 жылы сатып алуға бес рет жарияланды, алайда сатып алу әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстардың болмауына байланысты болған жоқ.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде Польфа, Варшава фармацевтикалық зауыты, Польша өндірген бір ғана дәрі тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген. Өндіріс алаңын Варшавадан Старогардқа ауыстыруға байланысты өндіруші екі жыл ішінде дәріні Қазақстан Республикасына бермейді. 

Бірыңғай дистрибьютор ресейлік дәрі-дәрмекті әкелу мәселесін пысықтап, «Сибазон» саудалық атауымен сатып алуды жүзеге асырды.

Бүгінгі күні дәрі-дәрмек Алматы қаласындағы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына толық көлемде жеткізілді.

Қазіргі уақытта кесте бойынша жөнелту басталды және 20 қыркүйекке дейін еліміздің барлық медициналық ұйымдары дәрімен қамтамасыз етілетін болады.

Бірыңғай дистрибьютор барлық күш-жігерін жұмсайды және дәрі-дәрмекті медициналық ұйымдарға жеткізу рәсімдерін жеделдетеді.

Анықтама:

«СҚ-Фармация» ЖШС туралы: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)жүйесінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор болып табылады

Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық (емханалық) және стационарлық (ауруханалық) деңгейлерде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ғана дәрі-дәрмектерді сатып алумен және жеткізумен айналысады.

Жеке дәріханалар туралы: Бірыңғай дистрибьютор тек тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алады және қамтамасыз етеді. Бірыңғай дистрибьютор жеке дәріханалар үшін сатып алуды жүзеге асырмайды.

Сатып алынатын дәрі-дәрмектердің тізбесі/түржинағы/көлемі туралы:

Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрі-дәрмектердің барлық тізбесін ҚР ДСМ бекітеді. Медициналық ұйымдар өз қажеттіліктерін дәрі-дәрмектердің атаулары, жеткізу көлемі мен кестесі бойынша анықтайды. Осы өтінімдерге сәйкес Бірыңғай дистрибьютор сатып алу мен жеткізуді жүргізеді. Сонымен қатар, олар бірқатар дәрі-дәрмектерді өздері сатып алады.

Дәрі-дәрмектерді сатып алу Бірыңғай дистрибьютор арқылы стационарлық көмек шеңберінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде медициналық ұйымдар ұсынған өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще