Жаңалықтар
18.01.2022

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ «СПУТНИК ЛАЙТ» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 150 МЫҢ ДОЗАСЫ БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДЫҢ ХАБЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

2022 жылғы 17 қаңтарда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының қоймасына келіп түсті. Эпиджағдайға байланысты "Қарағанды фармацевтикалық кешені" "Спутник Лайт" вакцинасын тегіннегізде гуманитарлық көмек ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берді. 

Бірыңғай дистрибьютор алған вакцина партиясын ҚР ДСМ СЭБК-нің рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберетін болады. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.

"Спутник Light" - ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. "Спутник Лайт" вакцинасын Н.Ф.Гамалея атындағы ҰЭМЗО ресейлік тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірлеген.

"Спутник Light" вакцинасы Ресейде 2021 жылдың мамыр айында тіркелген. Бұл препарат "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті болып табылады. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, препараттың тиімділігі 79,4% құрады. Аталған вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдерде вакцинация бойынша нақты деректермен расталған: БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусьте. Сондай-ақ, жетекші халықаралық ғылыми басылымдарда 20-дан астам жарияланым бар.

Өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолда вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор суық тізбекке тиімді мониторинг жүргізуде. "Спутник Лайт" вакцинасы мұздатылған түрінде жарықтан қорғалған жерде, минус 18°C жоғары емес температурада сақталуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакцинациялар қолданды: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «СoronaVac», «Sinopharm», «Comirnaty Pfizer/BioNTech».

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще