Жаңалықтар
15.06.2022

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР FIRST INTERNATIONAL PHARMACEUTICAL FORUM OF UZBEKISTAN ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

2022 жылғы 15-16 маусымда – Бірыңғай дистрибьютор ірі халықаралық іс-шара – Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің ұйымдастыруымен Ташкент қаласындағы First International Pharmaceutical Forum of Uzbekistan форумына қатысты. Форум өңірдегі фармацевтикалық саланың өзекті мәселелерін шешуге арналды.

Іс-шара фармацевтика индустриясының жаңа үрдістерін талқылау, озық тәжірибелерімен және фармацевтика өнеркәсібінің болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісу үшін халықаралық және жергілікті өндірушілер, дистрибьюторлар мен дәріхана желілерінің өкілдері болып табылатын әлемнің фармацевтикалық нарықтың жүзден астам сарапшыларының, жетекші ойыншыларының басын қосты.

16 маусымда Форумның 2021-2022 жылдары ТМД елдерінің фармацевтикалық нарығы: пандемия мен даму стратегиясының әсері тақырыбындағы сессиясында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев «Тендерлік сатып алудың заңнамалық жүйесіндегі жаңа трендтер туралы» баяндама жасады.

Форумға қатысушылар Қазақстанда қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі туралы хабардар болды. Дәрілік көмек – медициналық көмектің қолжетімділігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны атап өтілді. Пандемия және қазіргі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында бұл құрал мемлекеттің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі экономикалық және әлеуметтік тиімділігі үшін ерекше маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор ретінде ТМККК шеңберінде, МӘМС жүйесінде медициналық ұйымдар мен республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді.

«Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті – дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез келген төтенше жағдайда икемді болатындай және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланатындай жұмысты ұйымдастыру болып табылады», - деді Е.Искалиев өз сөзінде.

Ол, сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютордың түпкі мақсаты – қазақстандық фармпромды заманауи қайта жарақтандыру екенін атап өтті. Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында ілгерілету бүгінгі күні сала үшін маңызды мәнге ие.

Сондай-ақ Қазақстан тарапынан ірі халықаралық шараға ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, Mladex компаниясының иесі Наиля Чередниченко және Mladex сату бөлімінің басшысы Александр Чередниченко, сондай-ақ Қазақстандық денсаулық сақтау технологияларын бағалау агенттігінің Бас директоры Алима Альмадиева қатысты.

Форум сессиялары шеңберінде жаһандық пандемия жағдайында неғұрлым тиімді стратегияларды әзірлеу мақсатында Өзбекстан мен шектес елдердің фармацевтикалық нарығының бүгінгі күнгі өзекті мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, халықаралық форум аясында алғаш рет фармацевтикалық индустрия құрылымындағы фармацевтикалық дистрибуцияны талдауға арналған жеке сессия ұйымдастырылды, онда өндірушілер, дистрибьюторлар және дәріхана желілері арасындағы өзара іс-қимыл модельдері, даму тенденциялары мен бағыттары, фармацевтикалық дистрибуцияны жетілдіру шаралары қаралды.

Сонымен қатар, сессия аясында фармацевтикалық өнімдерді өндіруші компаниялар мен дистрибьюторлар басшыларымен, дәріхана желілерінің басшыларымен жеке кездесулер өтті. Бұл, өз кезегінде, форумға қатысушылар үшін Еуразия өңірінің түрлі елдерінен саланың жетекші ойыншыларымен бизнес-байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Анықтамалық:

Uzbekistan First International Pharmaceutical Forum of Uzbekistan – Өзбекстандағы алғашқы халықаралық фармацевтикалық форум.

Өзбекстан басшылығы өнеркәсіпшілердің алдына фармацевтикалық өнімді оқшаулау мен экспорттау көлемін ұлғайту бойынша өршіл мақсаттар қойды. Ірі шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты дамыту үшін инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, фармацевтика саласын дамыту жөніндегі агенттік, сондай-ақ Өзбекстан Республикасындағы шетелдік фармацевтикалық компаниялар мен өндірушілер өкілдіктерінің қауымдастығы биылғы жылы форумды алғаш рет Ташкент қаласында өткізу бастамасын көтерді.

Форум саланы дамыту және жергілікті өндірістерді қолдау шаралары, Өзбекстан Республикасының фармацевтика саласына GMP, GVP, GDP стандарттарын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат тақырыптарына ерекше назар аударады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще