Жаңалықтар
30.11.2022

АҚТӨБЕДЕ ФАРМКЛАСТЕР ҚҰРУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 қарашада Ақтөбе қаласында 5 жылдық жарақтандыру бағдарламасы аясында медициналық-фармацевтикалық кластер құруды пысықтау және өңірде медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау мәселелері жөнінде жұмыс сапары өтті.

Жұмыс сапары барысында Бірыңғай дистрибьютор өкілдері Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесіп, мемлекеттік қолдау құралдары ұсынылған өңірде медициналық-фармацевтикалық кластер құруды талқылады. Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев инновациялық өнімдер өндірісіне және кластерлік бастаманы дамытуға айрықша мән берілетінін, сондай-ақ өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының шоғырлануына байланысты қаланың тартымдылығын атап өтті.

Кездесуге М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, Ақтөбе медициналық орталығының және Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде үйлестіру кеңесін, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер бағдарламасын, жоғары оқу орындарының білім беру стандарттарын бейімдеу бағдарламасын құру, сондай-ақ ғылым саласындағы серіктестерді, инфрақұрылымға технологиялық талаптарды, кадр ресурстарына қажеттілікті және ҒЗИ нәтижелерін енгізу тетіктерін айқындау мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, өндірістік алаңды қарау, өндірілетін медициналық техника номенклатурасымен танысу, оқшаулау мүмкіндігі мәселелерін талқылау үшін «Ақтөбрентген» АҚ-ы өндірістік алаңына бару ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Бірыңғай дистрибьютор мен «Ақтөбрентген» АҚ-ы арасында жасалған медициналық техниканы жеткізуге арналған ұзақ мерзімді шарты шеңберінде сатып алынатын жабдықтардың саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы сатып алулар екі еседен астам өсті.

Кластер құру жобасын дайындау аясында «Ақтөбрентген» АҚ-ы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен және Ақтөбе колледжімен бірлескен ғылыми қызмет туралы шарттар жасасты.

Тараптар арасындағы сындарлы диалог барысында мемлекеттік органдар, Ақтөбе жоғары оқу орындары мен Бірыңғай дистрибьютор өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құруға бастамашылық жасалды. Алдағы басты мақсат – жобаны іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай еліміз өзінің фармацевтикалық өндірісінің үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуды күтетінін айта отырып, отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Осы тапсырманы іске асыруда Үкімет «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын бекітіп, онда 3 бағытқа сәйкес фармацевтикалық-медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту бойынша міндеттер қойылды.

Сондай-ақ, ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыруға көшу жүзеге асырылды.

Ірі әлемдік өндірушілермен оқшаулау/келісімшарттық өндіріс мәселелерін пысықтау белсенді жүргізілуде. Қазір процестің әр түрлі кезеңдерінде BIGPHARMA 7 фармацевтикалық компаниясымен келісімшарттық өндіріс жөнінде 13 инвестициялық жоба бойынша келіссөздер жүргізілуде (Hoffmann-La Roche (Швейцария), Novo Nordisk (Дания), AstraZeneca (Ұлыбритания), Sandoz (Швейцария), TAKEDA (Жапония) PFIZER, ATABAY Pharmaceuticals and Fine Chemicals).

Медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулауға Canon, Philips, General Electric, Samsung Medison, Mindray, Sinovision, Ibis және басқалары қызығушылық танытты.

Медициналық-фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту – негізгі бағыттардың бірі. ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес, инновациялық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеу бойынша медициналық-фармацевтикалық кластерлер Астанада және Шымкентте де құрылатын болады. Әр кластердің өзіндік ерекшелігі бар. Шымкент кластері дәрілік заттарды өндіруге мақсатталған, Ақтөбе бойынша кластерлік аймақ медициналық техниканы өндіруге бағытталған, ал елордалық кластер фармацевтика саласын зияткерлік сүйемелдеуге бағдарланатын болады.

Жоғарыда аталған қалалардағы кластерлік аймақтар осы өңірлерде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін ірі медициналық және техникалық жоғары оқу орындарының, өндірістік алаңдардың және клиникалық базалардың болуына байланысты таңдалды.

Кластер отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ кооперациялық өзара іс-қимылды кеңейту арқылы инновациялық технологияларды енгізу мақсатында қалыптастырылады.

Медициналық-фармацевтикалық кластерлердің міндетіимпортты алмастыратын дәрі-дәрмектерді құруға, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттардың әлеуетін пайдалану жолымен ғылыми зерттеулер жүргізу, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес алға қойылған міндеттермен бірлесіп жұмыс істеп, қатар дамуы тиіс екенін атап өтті. Ақтөбе облысының әкімі, өз кезегінде, бұл бастама өңірлік деңгейде жан-жақты қолдау табатынын атап өтті.

Ақтөбе облысында медициналық-фармацевтикалық кластер құру және медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау медицина және фармацевтика саласындағы инвестициялық әріптестікті дамытуға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, бірлескен жұмыс – денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де келешекте үлкен мүмкіндіктер береді.

Дереккөз: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще