27-ші халықаралық KIHE 2022 «Денсаулық сақтау» көрмесінің жұмысына медициналық техниканың отандық және шетелдік өндірушілері қатысты. Iteca көрме компаниясында COVID-19 пандемиясына байланысты екі жылдық үзіліске қарамастан, KIHE-ге деген қызығушылық төмендеген жоқ, керісінше – көрме өзекті бола бастағандығы атап өтілді.
Алдыңғы қатарлы медициналық және зертханалық жабдықтарды, дәрілік және фармацевтикалық препараттарды көрсетуге арналған алаң ретінде KIHE отыз жылға жуық уақыт қызмет етеді. Осы уақыт ішінде павильондар, қатысушылар өзгерді, жаңа технологиялар пайда болды, алайда көрмеге деген жоғары қызығушылық өзгеріссіз қалды.
«Біз KIHE-ге көп жыл қатарынан қатысып келеміз, бұл дәстүрге айналды. Біз нарықта бұрыннан бері әртүрлі ұйымдармен, соның ішінде ғарыштық зерттеулер институтымен ынтымақтасып келеміз», – дейді «МЗМО-К» ЖШС-і Бас директоры Владимир Ященко. Бұл компания Бактерияға қарсы атмосферасы бар таза бөлмелер шығарады және бұл салада танымал.
Биылғы жылы көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, KIHE 2022-ге Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Қытай, Литва, Пәкістан, Польша, Ресей, Чех Республикасы, Өзбекстаннан 198-ге жуық компания қатысуда. Ең маңыздысы, қатысушылардың 45%-ы – отандық өндірушілер мен жеткізушілер. Олардың арасында Ordamed, BTL Kazakhstan, Dolce-Pharm, Биолайн-Қазақстан, ОСТ-ФАРМ, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы, Медилюкс, Амир және Д, т.б. бар.
Басқалары, мәселен NASK Medical, KIHE-ге алғаш рет қатысып отыр. Компания директоры Әлібек Нұрмағамбетов айтқандай, көрмеде олар екі бренд – Panther Healthcare and Innalcon ұсынады, бұл ретте соңғысы Қазақстанға тек осы жылы келді. «Innalcon ультрадыбыстық хирургиялық жүйелерді шығарады. Сапасы жағынан – олар үздік әлемдік үлгілерге сәйкес келеді, ал бағасы жағынан – қолжетімді. Біз бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз, шынымды айтсам, мен көрмені ұйымдастырудың жоғары деңгейіне және қатысушылардың көптігіне таң қалдым», – дейді ол.
Сауда компаниялары мен жабдық өндірушілерінен басқа, KIHE көрмесінің маңызды құрамдас бөлігі – Халықаралық фармацевтика өндірушілері қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық және ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы сияқты салалық ұйымдар болып табылады. Атап айтқанда, олар көрменің іскерлік бағдарламасына да белсенді қатысады.
«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиевтің айтуынша, KIHE көрмесі – бұл Қазақстандағы ең жаңа медициналық жабдықтарды таныстыру үшін ғана емес, ең бастысы, байланыс орнату, тәжірибе алмасу және кәсіби пікірталастар үшін ең тиімді алаңдардың бірі.
«Пандемия әлемді өзгертті, денсаулық сақтау саласы да өзгеруі тиіс. Мемлекет біздің алдымызға дәрігерлерімізде барлық қажетті дәрі-дәрмектер болуын қамтамасыз ету міндетін қойды, және де біз мұны табысты жүзеге асырып келеміз. Оның үстіне, қазір біз медициналық техника саласында да осындай жұмысты жүргізе бастадық. Біз ірі сатушылармен байланыс орнаттық. Бүгінгі біздің басты міндетіміз – ауруханалармен және медициналық техника өндірушілерімен жұмыс істей алатын стандарттарды әзірлеу», - деді Искалиев.
«СҚ-Фармация" басшысының айтуынша, компания алдында үлкен жұмыс күтіп тұр. Мысалы, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектер қорын есепке алу үшін 1С жүйесін енгізу, дәрі-дәрмектерді таңбалау мәселесін шешу, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алу мен оған қызмет көрсетудің ашық ережелерін қамтамасыз ету қажет.
«Сіз көрмеде қаншама өнім ұсынылғанын көріп отырсыз, біз ең жақсысын сатып алғандығымызға және ол дұрыс жұмыс істейтіндігіне кепілдік беру үшін – бізге кешенді тәсіл қажет. Бұрын дәрігерлер штатында ондаған заңгерлері бар әлемдік компаниялармен бетпе-бет болатын. Енді біз, кәсіби менеджерлер ретінде, вендорлармен тең сөйлесеміз, біздің міндетіміз – Қазақстан мүддесін білдіріп, сервиспен қатаң ілінісетіндей етіп жабдықты жеткізуге қол жеткізу, бұл – өмірлік цикл келісімшарты деп аталады», – деді Искалиев.