Жаңалықтар
30.03.2022

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ӨТТІ

2022 жылғы 28-29 наурызда Бірыңғай дистрибьютер Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Үндістан мен Қазақстан арасындағы фармацевтика саласында өткен бизнес кездесуге қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен фармацевтикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша Үндістан мен Қазақстанның фармөндірушілерінің дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған бизнес кездесу өндірістік алаң ретінде Қазақстанның әлеуетін іске асыру бойынша екіжақты кездесулердің жалғасы болып табылады.

Үндістанның 30-ға жуық ірі компаниялары қатысқан бизнес кездесуде отандық саланың инвестмүмкіндіктері мен жеңілдіктер шарттары, потенциалды инвесторлар үшін преференциялар таныстырылып, қазақстандық фармнарығының ахуалы, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі «СҚ-Фармация» ЖШС рөлі жөнінде сараптамалық ақпарат ұсынылды.

Бүгінде отандық фармацевтикалық нарық дамушы нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздейтін халықаралық инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда. Мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстанның фармацевтика саласындағы қуатты екі есеге арттыруға әлеуеті бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар өсімі бойынша көш бастап тұр. Мұндай деректер БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) «Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасында» қамтылған.

Мемлекет басшысы жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Осылайша, Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін СҚ-Фармация әлемдік фарминдустрияның алпауыттарымен кездесулер өткізіп, олардың барысында қазақстандық фармацевтикалық нарыққа қатысу келешек жоспарлары мен аталмыш саланы инвестициялау мәселелері талқылануда.

БигФарма ТОП-50-ге кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен өзара іс-қимылды дамыту және R&D орталықтары типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету отандық өндірісті дамыту үшін қуатты ынталандыру болып табылады.

Қазақстандық тарап екі елдің экономикалық ынтымақтастығының зор әлеуетін атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылды арттыру мүмкіндіктері айтылды. Тараптар өзара ынтымақтастыққа, фармацевтика және экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайындығын қызығушылықпен білдірді. Өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажет екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ өндірістік алаңының жұмыс істеп тұрған және жаңа цехында, сондай-ақ «Dolce» ЖШС өндірістік алаңында болып қайтты. 

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында отандық өндірістік алаңдарды аралап, MedRemZavod Holding KazMedAspap және «Ordamed» АҚ өндіретін техниканың номенклатурасымен танысты, онда оқшаулау мүмкіндіктері мен өндірісті бөлу мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шетелдік және отандық медициналық техника өндірушілерімен өндірісті оқшаулау мәселелері нақты пысықталуда. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Қазақстанда оқшаулауға арналған жабдықтардың тиісті тізбесі жасалып, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және медициналық ұйымдармен бірлесіп Медициналық және сараптамалық қоғамдастығы егжей-тегжейлі пысықтайтын болады.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще