1 қазаннан бастап Қазақстанда тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы иммундау науқаны басталады. ЖРВИ маусымына дайындық аясында Бірыңғай дистрибьютор алдағы эпидемиологиялық маусымға ресейлік «Гриппол®плюс» вакцинасының 2,5 миллион дозасын сатып алған.
Вакцинада маусымдық А(H3N2) және А(H1N1) тұмауына, сондай-ақ В типті тұмау вирусына қарсы штаммы бар антигендер бар.
Қазақстанда «Гриппол®плюс» вакцинасы 2012 жылы тіркелген, бюджет қаражатына 2016 жылдан бастап сатып алынады, осылайша 8 жыл бойы қолданысқа ие. Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір топтары үшін тегін жүргізіледі.
Халықты вакцинациямен қамту үшін елдің барлық 20 өңіріне сатып алынған вакцинаны жөнелту кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Вакциналарды тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі – әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Вакциналарды тасымалдау кезінде ілеспе құжаттарда келіп түсу және одан әрі жөнелтуге, оған қоса температура көрсеткіштеріне тіркеу жүргізіледі.
Қосымша:
«Гриппол плюс» – ересектер мен балаларда, соның ішінде алты айлық сәбилерде, жүкті әйелдерде, созылмалы соматикалық аурулары бар адамдарда тұмаудың алдын алуға арналған консерванттарсыз ресейлік инактивацияланған суббірлік адъювантты тұмауға қарсы соңғы буын вакцинасы. Жыл сайын вакцинаның штаммдық құрамы ағымдағы эпидемиологиялық маусымға арналған ДДҰ ұсынымдарына сәйкес жаңартылады.